Төлеби ауданының тұрғыны Бейсенбек Бекенбай еңбек адамы ретінде танылған. Ол ағаш ұстасы. Бұған дейін ауыл ішінде тапсырыс қабылдайтын ол, бүгінде мемлекеттік қолдау арқасында цех ашып отыр. Тапсырыс көп. Бірнеше адамды жмұыспен де қамтып отыр.
Егер бизнес ашқыңыз немесе бизнесте жаңа бағытты дамытқыңыз келсе, онда бизнес жоспар міндетті түрде қажет болады. Бизнес жоспар – бұл компания мен өнімді толық сипаттайтын, өндіріс, сату және маркетинг жобасын, қаржылық есептеулерді қамтитын құжат. Бизнес-жоспар басқару міндеттерін анықтауға және қателіктерді алдын алуға көмектеседі. Оның арқасында инвесторларды тартуға болады. Бизнес-жоспар кімге және не үшін қажет? Бизнес-жоспар жаңадан құрылған да және әрекеттегі де компанияларға қажет. Басында бизнес жоспар келесі мақсаттарға жету үшін қажет: Инвесторларды табу үшін. Пайда анық болмаса, инвестор жаңа бизнеске ақша салып, тәуекелге бармайды. Ол үшін бизнес жоспарда пайданы алудың нақты уақыт мерзімі және тәсілдері толық сипатталуы тиіс. Мемлекеттен грант немесе субсидия алу үшін де бизнес-жоспар қажет. Бизнес жоспар жоқ болса, банктер де кредит бермейді.
Стратегияны анықтап, тәуекелдерді анықтау және азайту үшін. Басында нақты бизнес модель бар болса, барлығы түсінікті болады. Мысалы, кәсіпкер тауар сұранысқа ие болатынына сенімді болмаса, онда ол өнімді шығармайды. Сонымен қатар өндіріс көлемі жеткіліксіз болса, ауқымда науқанға ақша жұмсамайды. Нарықта біраз уақыт жұмыс істейтін компаниялар үшін де бизнес-жоспар пайдалы болуы мүмкін; Ол бизнесті дамытуға көмектеседі. Мысалы, кәсіпкер бірнеше жаңа сауда нүктесін ашқысы келеді. Қолда бар бұрынғы бизнес жоспар өзекті болмауы мүмкін. Ең алдымен бәсекелестердің таңдалған орындарына (автокөлік және жаяу жүргіншілер ағындарына, автотұрақтарға, қоғамдық көліктің ыңғайлылығына) назар аударып, болжалды пайда мен шығындарды салыстырып, тәуекелдерді қарастыру керек.
Бизнес жоспар іргелес бағытты игеру үшін қажет болады. Мысалы, сіз жиһаз жасап жатырсыз. Енді жиһаз бөлшектерінің өндірісін бастағыңыз келеді. Бұл толығымен жаңа бизнес болады. Сондықтан ол үшін жаңа бизнес жоспар қажет. Бизнес жоспар дағдарыстан шығу стратегиясын әзірлеуге көмектеседі. Компания дағдарысқа ұшырап, кредиторлармен соттасып жататын кездер болып тұрады. Бұл жағдайда бизнесті дағдарыстан шығару үшін жоспар қажет. Бұл жоспардың арқысында инвесторлар компания басшыларының уақытша қиындықтарды жеңуге дайын екендігіне сенімді болады.
Бизнесті жоспарлау стандарттары. Егер сіз бизнес-жоспарды өзіңіз үшін жазсаңыз, ол кез келген нысанда жасалынуы мүмкін. Ең бастысы есептеулер сізге анық, түсінікті және ыңғайлы болуы тиіс. Ол үшін кез келген дайын үлгіні жүктеп, оны толтыруға болады. Бірақ инвесторларды табу, банктен кредит немесе мемлекеттік қолдау алу үшін жалпы белгіленген ережелерді сақтау қажет. Олар стандарттар деп аталады. Бизнесті жоспарлаудың жалпы қабылданған халықаралық стандарттары бар. Олардың ішіндегі ең танымал стандарт — БҰҰ әзірлеген UNIDO стандарты. Оның негізінде Еуропалық Одақ ТМД елдері үшін TACIS стандартын әзірледі. Бұл стандарт Қазақстанда да әрекет етеді. Сонымен қатар басқа да халықаралық стандарттар бар. Бизнес идеяны жеке инвесторға ұсыну үшін жоғарыда келтірілген кез келген стандартты қолдануға болады.
Бірақ банктер мен мемлекеттік ұйымдарда бизнес-жоспардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын ерекше талаптар болуы мүмкін. Сондықтан жоспарды қайта өзгертпеу үшін қажетті мекемеден оның стандарттарын алдын ала нақтылау керек. Бизнес-жоспарды қалай жасауға болады: қадамдық нұсқаулық. Болашақ компанияның жобасын құру — бұл өте күрделі процесс. Ол үшін ірі кәсіпкерлер көбінесе арнайы мамандарға жүгінеді. Бірақ шағын және орта бизнесті бастау үшін ауқымды зерттеулер мен күрделі есептеулер қажет емес, сондықтан бизнес-жоспарды дербес түрде жасауға болады. Оған қоса сіздің салаңызды, бәсекелестерді, мақсатты аудиторияны сізден жақсы білетін адам жоқ.
Ал енді сұлулық салоны үшін бизнес-жоспарды әзірлеудің жұмыс тәртібін мысал негізінде қарастырып көрейік. 1-қадам: Нарық сыйымдылығын талдау. Бизнесті бастамас бұрын нарықтың көлемін анықтау керек. Ол үшін сатып алушылар белгілі бір қызметке немесе өнімге қанша ақша жұмсауға дайын екендігін анықтау қажет. Оның арқасында бизнес идеяның өзектілігін түсінуге болады. Осы көрсеткішті бірнеше тәсілмен есептеуге болады. Бірақ ең қарапайым тәсіл ол келесі формуланы пайдалану. Мақсатты аудитория әртүрлі критерийлер бойынша анықталады: мысалы, клиенттердің жынысы, жасы, табысы, отбасылық жағдайы және т. б. Біз сұлулық салонын қарастырып отырмыз, сондықтан біздің клиенттер — 18 бен 60 жас аралығындағы әйелдер. Осы сипаттамаға қанша адам сәйкес келетінін әртүрлі жолмен анықтауға болады: мысалы, ресми статистиканы тексеру немесе танымал әлеуметтік желіге кіріп, белгілі бір жас пен аймақ бойынша іздеу. Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында geointellect.kz ақылы геодеректер сервисі бар. Ол тұрғындар туралы деректерді автоматты түрде жинауға мүмкіндік береді.
Біздің сұлулық салонымыз жақын жерде тұратын немесе жұмыс істейтін адамдарға бағыттылған, ал бұл ауданда жаңадан салынған үйлер көп. Сондықтан біздің аудиториямыз 60 000 адам деп айтайық.
Тұтыну деңгейі — бұл бір адам белгілі бір кезеңде, мысалы, бір жыл ішінде, тұтынатын тауарлар мен қызметтердің саны. Бұл көрсеткішті дәл есептеу қиын, бірақ статистиканы көріп және жеке тәжірибеге сүйеніп немесе таныстардан сұрап көруге болады. Орта есеппен алатын болсақ, біздің мақсатты аудиториямыз сұлулық салондарына жылына 7 рет барады деп айтайық. Орташа чек — бұл клиенттің орташа есеппен жұмсайтын сомасы. Бұл соманы баға мен клиенттердің мінез-құлқын ескере отырып болжау қажет. Салон орташа табыс деңгейіндегі адамдарға бағытталған, сондықтан орташа чек шамамен 4000 ₸ құрайды делік. Барлық көрсеткіштерді есептеп, бізде келесі сан шығады.
Бұл нарықта табуға болатын сома. Ол аз емес болып көрінеді. Бірақ компания шынымен де осы табысқа жете алатындығын тексеру үшін бәсекелестерді де бағалау керек. 2-қадам: Бәсекелестерді талдау. Ол бізге нарықты түсінуге мүмкіндік береді. Картаны пайдаланып, осы жерде қанша сұлулық салоны бар екенін көруге болады. Әр бәсекелесті толығымен зерттеу керек: ол үшін олардың сайттары мен әлеуметтік желілерін тексеру, бағаларды көріп, оларға барып көру керек. Қызмет көрсету деңгейі мен маркетингке назар аударыңыз. Бәсекелестерді талдау мақсатты аудиторияның сәйкестігін анықтауға көмектеседі. Егер мақсатты аудитория бірдей болып шықса, онда бизнестің өзіндік ерекшелігі, артықшылығы болуы тиіс. Әйтпесе клиенттер келмейді. Мысалы, сіз орташа табысы бар әйелдерге арналған сұлулық салонын ашуды жоспарлап отырсыз. Бірақ жақын жерде тағы үш салон жұмыс істейді: олардың да бағалары орташа және барлық стандартты қызметтері бар. Барлық салондар бірдей болса, клиенттер көбінесе таныс жерге баруды қалайды. Сондықтан ерекше ұсынысты, өзіндік артықшылықты алдын ала ойластыру қажет. Мысалы, салон тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін немесе салон басқаларға қарағанда ыңғайлы жерде орналасып, оның жеке автокөлік тұрағы болуы мүмкін. Бәсекелестерден басқа, бизнестің жұмысына әсер етуі мүмкін басқа да факторларға назар аудару қажет: мысалы, заңдардағы ықтимал өзгерістер, халықаралық саясат, инфляция. Мысалы, егер зерттеулер адамдар ақша үнемдеуге тырысатынын көрсетсе, нарық құны төмендеуі мүмкін: адамдар шаш қиюға немесе маникюрге бармай ақша үнемдеуді жөн көреді. 3-қадам: Бизнес-модельді әзірлеу. Бұл кезеңде қажетті әрекеттер:
Қызметтерді таңдау — шашты қию және бояу маникюр және педикюр, кірпіктерді ұзарту, эпиляция. Қызметкерлердің санын анықтау — мысалы, төрт шаштараз-стилист, ауысыммен жұмыс істейтін екі маникюр және педикюр шебері және қас шебері. Жабдық тізімін жасау — шаштараз креслолары, айналар, тумбалар, раковиналар, маникюрдің үстелі, педикюр креслосы, кушетка. Сонымен қатар құралдар мен шығыс материалдарын санау қажет. Жұмыс істеу үшін қажет жабдықты пайдалану және оған күтім жасау құнын шығындарға қосуды ұмытпаңыз. Жабдықты кейде жөндеуге, баптауға немесе бөлшектерді сатып алуға тура келеді. Бизнесті бастамас бұрын, мысалы, лазерлік эпиляция аппараты жөндеуге жата ма, жоқ па тексеру жөн. Мүмкін оның Қазақстанда сатылмайтын қымбат бөлшектері бар шығар. Компанияның ұйымдық-құқықтық нысанын және салық салу тәртібін таңдау. Шағын сұлулық салоны үшін ең кең таралған нұсқа — оңайлатылған салық салу жүйесі немесе патент бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік. Ол туралы толығырақ біздің басқа мақаламыздан білуге болады. Толық сипатталған бизнес-модель салықтарды қоса алғанда, бастапқы және айлық шығындар туралы түсінік береді. 4-қадам. Маркетинг жоспарын әзірлеу. Клиенттер келу үшін жарнама қажет. Қандай арналар мен құралдарды қолдану аудиторияға байланысты болады. Сұлулық салондары келесі жарнама арналарын қолдануы мүмкін: Сыртқы жарнама — адамдар көп өтетін жерде жарқын жарнама клиенттердің назарын аударады.Әлеуметтік желілердегі мақсатты жарнама — алгоритмдер жарнаманы қажетті аудитория сегментіне көрсетеді.