Сайрам ауданында биыл 64 «Алтын алқа», 243 «Күміс алқа» иегері бар. Олардың қатары тағы да толықты. Ауданда 19 көпбалалы ананы салтанаты түрде марапаттады. Оның ішінде 6-сы «Алтын алқа», 13-і «Күміс алқа» иегері атанды.
Ұрпақ санын арттырып, демографияның өсуіне үлес қосқан аналарды Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев қабылдап, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығына сәйкес, марапаттары тапсырылды.
– Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп өркендей беруін тілеймін. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін, – деген ізгі тілегін білдірді.
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл - Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына...