Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков 27-28 қазан күнері Түлкібас ауданында Түркістан облысының IV-ші Спартакиадасының асық ату және бес асық спорт түрлерінен Ересектер арасында өткен жарыста жүлделі жалпы командалық есепте ІІ-орын иеленген аудандық спортшыларды қабылдады. Қабылдауда Берік Тұрлыбеков жүлделі орындардан көрінген командаларды жеңістерімен құттықтады. Алдағы уақытта да еліміздің спорт саласының дамуына өз үлестерін қосып, өткізілетін түрлі жарыстарда ауданның намысын қорғап жүлделі орындардан көріне беруіне тілектерін білдірді.
Құрметті қала тұрғындары!
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Түркістан қаласының тұрғындары үшін «Қаржылық сауаттылық» курсын өткізу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы «Қазақстан Республикасы...