Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Алғабас ауылдық округі тұрғындарымен кезекті есептік жиынын өткізді.
Кездесу жиыны барысында ауыл тұрғындары тарапынан телефон байланысы, көшені жарықтандыру, Шаян мен Шақпақтың ортасындағы автомобиль жолдың бойындағы ретсіз өскен ағаштардың өсіп кетуінен жол апаты көп болып жатқандығын, ит ату мәселесі, мал тоғыту орны, Шақпақ ауылына кіре беріс жердегі жөндеуден өткен көпірді толық аяқтау, қоқыс тастайтын полигон мәселелері көтерілді.
Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан жүргізіп отырды.