Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы «SERT» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тігін және жиһаз цехы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Жеке кәсіпкер Сәбит Сансызбаев жаңа цехты іске қосуға өз есебінен 120 млн теңге қаражат жұмсаған. Жыл басынан бері өндіріс орнында 1 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Елімізде жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Салада жаңа кәсіпорындар көптеп ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде. Халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Осы тұрғыдан келгенде тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін көтеру үшін бірінші кезекте азық-түлік өнімдерімен, одан кейін жеңіл өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ету Үкімет назарында болуға тиіс. Қазір жеңіл өнеркәсіп саласының нарықтық бәсекелестікке қабілеттілігін таныта алмай отырған жайы бар. Осыдан отыз жылдан аса уақыт бұрын нарықтық экономикаға көшу кезеңінде, яғни тоқсаныншы жылдары тоқырауға түсіп, өндіріс көлемі мен жұмысшылар саны он есе қысқарған еді. Сол кездері әлемдік сауда сөрелерінен көрінген танымал өнімдердің орны арзан шетелдік тауарлармен толыққаны бар. Нәтижесінде, мақта өндірісі – 1,5 есе, мата – 4 есе, былғары – 6 есе, аяқкиім өндірісі 34 есе қысқарған болатын. Аталған нысанға арнайы барған аудан әкімі Төлеген Телғараев жиhаз жасайтын цехты аралап көріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Онда қазіргі таңда 30-дан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды.
– Бізден шығатын жиһаз сапасы жағынан шетелмен салыстырған еш қалыспайды. Тек бір кемшілігі – конвейерлік таспамен жасалатын жиһаз өндірісінің кенже дамуында. Себебі бізде шетелмен салыстырғанда тұтынушы саны аз болғандықтан, ондай жиһаз өндіретін зауытты салудың өзі көп қаражатты талап етеді. Болашақта жиһаз өндіру кәсібі жоғары деңгейге көтеріледі деген сенімім мол. Цехты ашудағы мақсат – халыққа қолжетімді қызмет көрсету және жиһаздармен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде алыс-жақын шетелдерден түрлі тауарлар келіп жатқаны белгілі. Бірақ олардың барлығы бірдей сапалы бола бермейді. Айналып келгенде, қаржы жағынан болсын, уақыт жағынан болсын қарапайым тұрғындар зардап шегіп жатады. Сол үшін де алыстан арбаламай, өзімізде өндірілетін сапалы дүниелерді көзбен көріп, қолмен ұстап сатып алуға шақырамын, – дейді кәсіпкер.
Мекеменің 2 өндірістік цехы бар. Біріншісі – жиһаз цехы, екіншісі – дәнекерлеу цехы. Одан бөлек, тігін шеберханасы жұмыс істейді. Барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Кәсіпорын жылына 5620 мектеп жиһазын, 2863 дана кеңселік жиһаз шығаруға қауқарлы. Цехта арнайы қызметтік жейделер мен костюмдер тігіледі. Аталған нысанға арнайы барған аудан әкімі Төлеген Телғараев жиhаз жасайтын цехты аралап көріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Қоғамдық бірлестікке «Өндірістік индустриалды», «ST-KZ», «Еуропалық экономикалық одақтың сәйкестік» сертификаттары берілген. Мекеме сонымен қатар «ҚР Жиhаз жасаушылардың гилдиясы» бірлестігінің мүшесі. Ел көлемінде тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға белсенді жүргізілуіне байланысты оның негізгі жабдығы – жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр. Ағымдағы кезеңде экспорттың ақшалай тұрғыда барынша ұлғаюы мынадай тауарларда байқалады: қандай да бір металл жиһазы – 2,7 есе; мекемелерде пайдаланылатын металл типті жиһаз – 4 есе; отыруға арналған жиһаз – 4 есе; ағаш қаңқалы отыруға арналған жиһаз – 38%-ға; металл қаңқалы, қапталған, отыруға арналған жиһаз 60%-ға қымбаттаған.
Елде жеткілікті шикізат базасы жоқ, жиһаз жасауға қажетті шикізат негізінен Ресей мен Беларусьтен тасымалданады. Технология тапшы, жаңа алынған техника, қондырғы-құрылғылардың тіліне білетін, оқыған мамандар жоқ екені жасырын емес. Оларды меңгерту үшін шетелдерден маман шақырылады. Өнімді стандарттау ережесі, тендерге қатысу проблемасы тағы бар. Соңғы кездегі елдегі ішкі-сыртқы жағдайларға байланысты жиһаз бөлшегін, жиһаз ассортиментін алдыру да қиындап кетті. Импорттың ақшалай тұрғыда барынша ұлғаюы мынадай тауарларда байқалады: ағаш қаңқалы, қапталған, отыруға арналған жиһаз – 16%-ға; берік металл жиһаз – 19%-ға; металл қаңқалы отыруға арналған жиһаз – 19%-ға; мекемелерде пайдаланылатын ағаш типті жиһаз – 28%-ға; мекемелерде пайдаланылатын металл типті жиһаз 50%-ға артқан. Осы орайда Ресей және Беларусьтің жиһаз өніміне сұраныс жоғары. Өйткені олардың бағасы қолжетімді әрі сапасы жақсы. Сондықтан тұтынушылардың басым көпшілігі сол елдердің жиһазын сатып алады. Бұл – Қазақстанның жиһаз өндірісі бәсекеге қабілетті емес дегенді білдірмейді. Біздің де тауарлардың сапасы жоғары, бағасы да қолжетімді. Тек бір кемшілігіміз – конвейерлік таспамен жасалатын жиһаз өндірісі кенжелеп қалған. Себебі бізде шетелмен салыстырғанда тұтынушы саны аз болғандықтан, ондай жиһаз өндіретін зауытты салудың өзі көп қаражатты талап етеді.
Жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік деңгейде қолдау да кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2025» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредит бойынша кепілдендіру, жиһаз кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит беру ұсынылады. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлінді. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жиһаз саласы кәсіпорындарының құзыретін арттыруға бағытталған шығындарды өтеді. Сондай-ақ жиһаз саласының кәсіпорындары мемлекетті қолдаудың қаржылық емес шараларын да пайдаланғанын атап өткен жөн. Бұл – олардың өндірісін жетілдіруге, шығарылатын өнім ассортиментінің алуан түрлілігіне, сарапшыларды тарту арқылы жетілдірілген өндірістік тәжірибелерді енгізуге, тауарлар өндірісінде инновациялық қызметті дамытуға ықпал етеді.
Өткенге шолу жасасақ, қазақтың бағзы тарихында сәндік-қолданбалы өнерінің маңызды түрі ағаш өңдеу ісі болғаны жасырын емес. Қазақстан аумағындағы шығармашылық қызметтің бұл түрінің бастаулары археологиялық зерттеулерге сәйкес мезолиттік, кейінгі палеолиттік, энеолиттік кезеңдерден шығады. Көшпелі өмір салтының басым болуы және қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйінің сипаты ағашты тұрмыстық-құрылыс материалы ретінде пайдалануды анықтады, сонымен қатар, ағаш экологиялыққа және жеңіл салмаққа ие. Одан қазақтар өзінің заттық дүниесінің едәуір бөлігін тұрғын үйден, жиһаздан, ыдыстан, музыкалық аспаптардан бастап, XX ғасырдың екінші жартысына дейін қару-жарақ пен көлік құралдарының бөлшектерін жасаумен аяқтады. Ағаш өңдеу өнері ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ағаш ұсталар шеберханасында (дүкен, ұсталық, ұстаханада) шұғылданды, оның астында отырықшы аудандарда аулалық құрылысты бейімдеді, ал көшпелі жағдайда шеберлер ескі киіз үйді жиі пайдаланды немесе ауладағы қалқаның астында жұмыс істеді. Қолөнерші ауылмен бірге көшті немесе тапсырыстарды қабылдап, басқа жерлерге кетіп отырды. Бай адамдар әдетте қызына жасау дайындау кезінде алыс жерлерден ең дарынды деген шеберлерді алдыртты. Шеберлер аралайтын, шабатын, кесетін, бұрғылайтын, ажарлайтын құралдарды пайдаланды. XIX ғасырдың екінші жартысында капиталистік қатынастардың дамуымен, қалалық базардың қарқындауымен байланысты көптеген ауыл шеберлері бәсекелестікті сезіп, ресейлік құралдарды: сүргілерді, қысқыштарды, егеулерді, бұрғыларды, сондай-ақ қайрау және тегістеу станоктарын сатып ала бастады.
Техникалық тәсілдерден шеберлер дәстүрлі түрде аралауды, нақыштауды, оймалауды меңгерді. Сондай-ақ ағашты әшекейлеуді пайдаланды. Жиһазға балқарағай, ыдыс-аяққа – терек, қайың және оның тамыры мен қабығын қоса, ал киіз үйдің сүйегі үшін – берік қарағай қолданылды. Шеберлер арасында біліктілік өрбу болды. Таңдаулы заттарды жасаушы шеберлер қасшебер, қарапайым заттарды дайындаушы ағаш өңдеушілер балташебер деп аталды. Таңдаулы нәзік оймыштауды жасайтын дарынды шеберлер «ағаштан түйін түю» деген теңеу сөзге лайық болды. Егер бір ауылдарда жалғыз ағаш өңдеуші шеберлер барлық санаттағы заттарды дайындаумен айналысса, онда мұндай шеберлер көп болған басқа жерлерде қолөнер өндірісінің бұйымдары санаты бойынша бөлінді.
Ағаш өңдеу ісін дамытуға Қазақстанның табиғи жағдайлары – орманның болуы ықпал етті. Ағаштың түрлері әртүрлі: қылқан жапырақты – шырша, майқарағай, қарағай, самырсын, жұмсақтүкті – аққайың, көктерек, терек, емен, тал, сондай-ақ терек, тобылғы, ал Қазақстанның оңтүстігінде тұт ағашы және жаңғақ бар. Ағаш өңдеушілер өнімдерінің сұрыптамасы әртүрлі болды. Қысқы стационарлық, күзгі-көктемгі тұрғын үйлер, киіз үй сүйектері, қоршаулар-мал қоралары, шаруашылық жұмыстарына арналған құралдар (күректер, кетпендер, соқалар, шалғылар), аушы құстары бар аңшы үшін арнайы құралдар. Одан бөлек ағаш ұста көлік құралдарын, (күйме, арба, шана, ер), ұрыс қаруларын (найза, садақ, сойыл), музыкалық аспаптарды домбыра, қобыз, үй керек-жарақтары (жиһаз, ыдыс), сонымен қатар таяқтар және жеке қажетті заттар мен тоғыз құмалақ ойынына бұйымдар жасады.
Ал қазір заманауи техникалар қарыштап дамыған заманда жергілікті жиһаз өндірушілерге мемлекет қолдауы жетіспей жатқаны анық. Мемлекеттік тапсырыс алу да өте қиын. Олар негізінен жоғары әлеуетті инвесторлардан артылмайды. Бағаның үздіксіз өсуіне – бұл да бір себеп. Соған қарамастан өз бетінше еңбек етіп жүрген жиһаз өндірушілер ізденіс пен табандылықтың арқасында аталған кәсіпті дамытуға лепті үлес қосып жатыр. Сарапшылар халық санының өсуі, көші-қон, кірістердің артуы, инфрақұрылымның кеңеюі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобалары мен коммерциялық үй-жайларды салу көлемінің ұлғаюы есебінен жиһаз өнімдерін тұтынудың тұрақты өсуін болжайды. Демек бұл саланың болашағы зор деп берік сеніммен айтуға болады.
Елімізде жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Салада жаңа кәсіпорындар көптеп ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде. Ел көлемінде тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға белсенді жүргізілуіне байланысты оның негізгі жабдығы – жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр. Қазірде қалың бұқараның таным-түсінігі, талап-талғамы қатты өзгерген, өскен. Бұрынырақта шетелдік өнімдерге – Арабия, Алмания, Италия, Польша немесе Ресей, Беларусьтің жиһазына ден қойып келсе, бүгінде өзімізде, арнайы тапсырыспен, көңіл қалауларына орай жасатқанды қолай көреді. Тапсырыспен жиһаз жасатуға сұраныс көбейгені соншалық, бұл іспен шұғылданатын кәсіпкерлер саны да жыл санап артып келеді. Дегенмен жиһаз нарығының шешімін күткен, күрмеулі мәселелері де жетерлік. Ең бастысы, қолданылатын шикізаттың барлығы дерлік шетелдерден әкелінеді. Қарапайым ғана мысал, шкаф есігінің тұтқасы, құлып, шұрыпына дейін сырттан тасымалданады. Соның салдарынан жергілікті орында тапсырыспен жиһаз жасату едәуір қымбатқа түседі. Соған қарамастан сұраныс бар, көп. Осы орайда елімізде жиһаз өндірісінің даму барысы қалай? Мемлекеттік қолдау қандай деңгейде? Жергілікті жиһаз өнімдері неге қымбат? Осы секілді күлбілтелі сауалдарға статистикалық дерек-дәйектерге, жауапты орындардың, лауазымды тұлғалардың, білікті мамандардың ой-пікірлеріне жүгіне, сүйене отырып жауап іздеп көрген едік. Алдымен нақтылы деректерге назар аударалық.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биылдың өзінде елімізде жиһаз өндірісі бойынша төрт ірі жоба іске қосылды. Жалпы, 2025 жылға дейін жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінде тағы 12 жобаны іске асыру жоспарланған. Жиһаз өнімдерін өндіру көлемі өткен жылы 72 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 12%-ға жоғары (64,3 млрд теңге). Өндіріс негізінен металл қаңқасы бар арнайы отыруға арналған жиһаз тауарларына – 72%-ға, 2 млн данаға дейін, жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаздарына (кереуеттер мен шкафтардан басқа) – 22,5%-ға, 40 мың данаға дейін өскен. Кейінгі жылдары жиһаз саласының жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілері санының артқаны байқалады. Мәселен, 2022 жылы 2020 жылмен салыстырғанда сала кәсіпорындарының саны – 34%-ға, 1 402 бірлікке дейін өсті, оның 1 393-і жекеменшік негізінде жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар (99,3%). Жиһаз өндірушілердің ауқымды бөлігі, жиһаз кәсіпорындары үшін құрал-саймандар, станоктар, фурнитуралар және басқа да шығын, материалдарын ұсынатын сауда компаниялары Алматы қаласында шоғырланған. Жиһаз өнімдерінің алдыңғы қатарлы өндірушілері – «Zeta «ҚКП», «Zeta Инжиниринг», «P. T. Z» ЖШС (офистік жиһаз, отыруға арналған жиһаз), «Ariba» ЖШС (жұмсақ жиһаз), «Bella mebel» ЖШС (ағаш жиһаз), «Solo-интерьер» ЖШС (ағаш жиһаз, кеңсе жиһазы), «Джамила» ЖШС (кеңсе жиһазы) және басқалар.
Елімізде жиһаз өнімдерін өндіруді одан әрі арттыру үшін мол резерв бар. Өнімдерді тұтынудың ішкі нарығы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 531,1 млн доллар (244,7 млрд теңге) болды. Отандық өндірістің үлесіне 27,5% тиесілі. 2022 жылы жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 4,5 млрд теңге болды. Кәсіпкерлердің жеке салымы – 3,8 млрд теңгені (83,6%), банктердің кредиттері 0,7 млрд теңгені (15,2%) құрады.
Бір қуанарлығы, отандық жиһаз өнеркәсібінің өнімдері көрші елдерде де үлкен сұранысқа ие. Жыл басынан бері жиһаз өнімдері экспортының негізгі көлемі Қырғызстан, Өзбекстан, Германияға жөнелтілген. Өтімді тауарлардың қатарында пластмасса мен металдан жасалған және жатын бөлмеге арналған ағаштан дайындалған жиһаз сынды өнімдеріміз бар. Жиһаз өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 2022 жылы 10,5 млн долларды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 30%-ға жоғары. 2022 жылы жиһаз өнімдері экспортының негізгі көлемі Ресейге жіберілді (экспорттың жалпы көлемінің – 33,1%-ы немесе 3 471,2 мың доллар). Қырғызстанға (25,8% немесе 2 704,1 мың доллар), Өзбекстанға (19,7% немесе 2 067,2 мың доллар) және басқалары. Ағымдағы кезеңде экспорттың ақшалай тұрғыда барынша ұлғаюы мынадай тауарларда байқалады: қандай да бір металл жиһазы – 2,7 есе; мекемелерде пайдаланылатын металл типті жиһаз – 4 есе; отыруға арналған жиһаз – 4 есе; ағаш қаңқалы отыруға арналған жиһаз – 38%-ға; металл қаңқалы, қапталған, отыруға арналған жиһаз 60%-ға қымбаттаған.
Жиһаз өнеркәсібі өнімінің импорт көлемі 2022 жылы 385,3 млн долларды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9%-ға жоғары. Импортталатын жиһаз өнімдерінің негізгі бөлігі Ресейден (158,2 млн доллар немесе импорттың жалпы көлемінің 41,1%-ы), Беларусьтен (62,2 млн доллар немесе 16,1%), Қытайдан (52,2 млн доллар немесе 13,5%), Түркиядан (43,5 млн доллар немесе 11,3%) келді.
Импорттың ақшалай тұрғыда барынша ұлғаюы мынадай тауарларда байқалады: ағаш қаңқалы, қапталған, отыруға арналған жиһаз – 16%-ға; берік металл жиһаз – 19%-ға; металл қаңқалы отыруға арналған жиһаз – 19%-ға; мекемелерде пайдаланылатын ағаш типті жиһаз – 28%-ға; мекемелерде пайдаланылатын металл типті жиһаз 50%-ға артқан.
Жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік деңгейде қолдау да кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2025» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредит бойынша кепілдендіру, жиһаз кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит беру ұсынылады. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлінді. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жиһаз саласы кәсіпорындарының құзыретін арттыруға бағытталған шығындарды өтеді. Сондай-ақ жиһаз саласының кәсіпорындары мемлекетті қолдаудың қаржылық емес шараларын да пайдаланғанын атап өткен жөн. Бұл – олардың өндірісін жетілдіруге, шығарылатын өнім ассортиментінің алуан түрлілігіне, сарапшыларды тарту арқылы жетілдірілген өндірістік тәжірибелерді енгізуге, тауарлар өндірісінде инновациялық қызметті дамытуға ықпал етеді.
«2029 жылға дейін тұрғын үйді іске қосудың жоспарланған көлемін (111 млн шаршы метр) қамтамасыз ету тұрғысында жиһаз өнімдеріне сұраныстың айтарлықтай өсетіні болжанады, бұл өндірістің даму қарқынына оң әсер етуге тиіс. Әлемдік тәжірибені талдау көрсеткендей, құрылыс компанияларымен серіктестік келісімдер жасау жиһаз өнімдерін өндірудің өсуіне түрткі болуы мүмкін. 2023 жылдың шілдесінен барлық мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін офистік жиһаз сатып алуға мораторий мерзімі аяқталады. Ол өз кезегінде жиһаз өнімдерінің отандық өндірісінің қарқын алуына қосымша ықпал ететін болады», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаков.
Қазірде өз өнімдерін ұсынатын жиһаз салондарынан көз тұнады. Сондай-ақ ірі қалаларда тұрмақ, алыс аудандарда, шағын кенттерде де жиһаз жасаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер көптеп саналады. Міне, осындай қызу бәсекелестік, бірыңғай даму жағдайында сала өнімдеріне бағаның қатты қымбаттап кеткені алаңдатады. Мұның себеп-салдарын біз жиһаз өндірісін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген жекелеген мамандардан, кәсіпкерлерден сұрап білген едік.
Елордадағы белгілі жиһаз салондарының бірі «Аlсato» сауда желілерінің менеджері Алтынай Бейсенова жиһаз өндірушілер заман талабына сай, жан-жақты ізденістің нәтижесінде толайым табыстарға жетіп отырғанын тілге тиек етті.
– Қазір жетімді қаржың болса, жергілікті жиһаз өндірушілер кез келген жиһаз түрін жоғары сапамен, уақтылы жасап бере алады. Бұдан біршама бұрын сала өнімдеріне талап-тілек басқа еді, соған сай үлгілері қарапайым, бағасы қолжетімді болып келетін. Бүгіндері тұтынушылардың талғамы, талабы анағұрлым өскен. Ал бұл халықтың табысына тікелей байланысты. Табысы болмаса, сұраныс та болмас еді ғой, дейді кәсіпкер.
– Кейінгі кездері тұрғындар үй-тұрмысқа қажетті жиһаздарды негізінен тапсырыспен жасатады. Өйткені жергілікті кәсіпкерлер заман ағымына сай өнімдерді әлемдік стандарттар үлгісінде жасап, дайындауды шебер меңгеріп алды. Дәстүрлі «Барокко», «Хайтек», «Неоклассика» үлгілерін қайта жаңғыртып, жергілікті жиһаз өнімдерінің кескін-келбетіне батыл енгізіп отыр. Сол себепті біздің жасап жатқан жиһаз үлгілеріміз еуропалық стильден асып түспесе, кем емес.
Ал басты проблема – қажетті құрал-жабдық, озық үлгілі станоктардың жетіспеушілігі. Бұрнағы станоктар ескірген, соншалық жоғары сұранысты игеруге мүмкіндігі жете бермейді. Жаңа станоктар өте қымбат. Бұрын 4-5 миллион тұратын станок-қондырғылардың құны бүгінде 20-25 миллионға дейін шарықтап кеткен. Оны сатып алуды кез келген кәсіпкердің қалтасы көтермейді. Елде жеткілікті шикізат базасы жоқ, жиһаз жасауға қажетті шикізат негізінен Ресей мен Беларусьтен тасымалданады. Технология тапшы, жаңа алынған техника, қондырғы-құрылғылардың тіліне білетін, оқыған мамандар жоқ. Оларды меңгеру үшін шетелдерден маман шақырылады. Өнімді стандарттау ережесі, тендерге қатысу проблемасы тағы бар. Соңғы кездегі елдегі ішкі-сыртқы жағдайларға байланысты жиһаз бөлшегін, жиһаз ассортиментін алдыру да қиындап кетті.
«Жиһазға қажет матаны біз Қытайдан, Түркиядан, сондай-ақ Беларусь пен Ресейден алдырамыз. Айталық, диван матасының бағасы оның өзіндік құнының 45-60%-ын құрайды, ал оның өзгеруі доллар бағамына байланысты. Егер нақ осы матаға қатысты жергілікті өндіріс жолға қойылса, онда ол теңгеге байланар еді. Сондай-ақ әсіресе ЛДСП материалдары өзімізде өндірілсе, құба-құп болар еді», дейді А.Бейсенова.
Тұтынушы өз қалауы, талғамына сай түрлі фурнитура таңдайды. Қазір шетелдік фурнитуралар да бірнеше есе қымбаттап кеткен. Содан соң көпшілік сәндік, трендтік үлгіде, қонақ бөлмесі, асүй жиһазына түрлі декоративтік әшекей, жарық қондырғыларын орнатқанды қалайды. Міне, осындай түрлі, ірілі-ұсақты себеппен жиһаз өнімдерінің бағасы да есепсіз өсіп отыр.
«Меридиан» жиһаз орталығының қызметкері Айбар Мырзахметов те жиhаз өніміне қажетті материалдың барлығы дерлік сырттан келетінін, өндіріс көлеміне, бағасына осы мән-жайдың қатты әсер ететінін алға тартты.
– Кейінгі жылдары трансформер жиһаздарға сұраныс артып келеді. Біздің осы үлгідегі жиһаздар дайындайтын арнайы цехымыз бар. Онда өндірілетін жиһаздың негізгі түрлері – диван мен креслолар және әр бөлмеге арналған гарнитуралар. Бұл бұйымдар тек тұрғын үйге ғана арналмаған, сондай-ақ компаниялар мен мекемелерде де қолданысқа ие. Олардың сұранысқа қарай, пішімі, дизайндық үлгілері де сан алуан. Трансформер жиһаз әрбір үйдің, әрбір мекеменің сәнін кіргізеді. Пайдалану мақсатына қарай ол қонақ бөлме, жатын бөлме, балалар бөлмесі, ас ішетін, жұмыс істейтін бөлме, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады, – дейді кәсіпкер.
– Осы орайда Ресей және Беларусьтің жиһаз өніміне сұраныс жоғары. Өйткені олардың бағасы қолжетімді әрі сапасы жақсы. Сондықтан тұтынушылардың басым көпшілігі сол елдердің жиһазын сатып алады. Бұл – Қазақстанның жиһаз өндірісі бәсекеге қабілетті емес дегенді білдірмейді. Біздің де тауарлардың сапасы жоғары, бағасы да қолжетімді. Тек бір кемшілігіміз – конвейерлік таспамен жасалатын жиһаз өндірісі кенжелеп қалған. Себебі бізде шетелмен салыстырғанда тұтынушы саны аз болғандықтан, ондай жиһаз өндіретін зауытты салудың өзі көп қаражатты талап етеді. Жергілікті жиһаз өндірушілерге мемлекет қолдауы жетіспейді. Мемлекеттік тапсырыс алу да өте қиын. Олар негізінен жоғары әлеуетті инвесторлардан артылмайды. Бағаның үздіксіз өсуіне – бұл да бір себеп. Соған қарамастан өз бетінше еңбек етіп жүрген жиһаз өндірушілер ізденіс пен табандылықтың арқасында аталған кәсіпті дамытуға лепті үлес қосып жатыр. Сарапшылар халық санының өсуі, көші-қон, кірістердің артуы, инфрақұрылымның кеңеюі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобалары мен коммерциялық үй-жайларды салу көлемінің ұлғаюы есебінен жиһаз өнімдерін тұтынудың тұрақты өсуін болжайды. Демек бұл саланың болашағы зор деп берік сеніммен айтуға болады.