Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахылбеков Құдабек Жамбылұлы 0,50 га үй іргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен.
Өңірдің топырақтық-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы болғандықтан, елді мекен тұрғындары үй іргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуде.
Таңқурайдың «Атлант» түрінің ерекшелігі: жемістері ірі әрі жоғары сортты өнім береді. Салмағы бес грамнан сәл асатын ірі, тығыз жидектермен ерекшеленеді, бұтақтарда ұзақ уақыт бойы бұзылмай тұрады. Олардың тәтті және қышқыл дәмі, нәзік, шырынды целлюлозасы бар, жаңа піскенде жеуге, сондай-ақ өңдеуге және мұздатуға жарамды.
Жеке шағын кәсібін қолға алған азаматтар маңдай терімен өз ауласына егіп, күтіп, баптап өсірген ‑жидектерін елді мекендегі сауда орындарына өткізуде. Бұған қоса, тосаптар, мармелад мен табиғи шырындар дайындайды. Арнайы кондитерлік өнім дайындайтын кәсіпкерлерге өткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исін бағалайтындар кәсіпкер үйін арнайы іздеп келіп, алқаптан таңқурайды теріп алады. Піскен таңқурайдың теруге көршілері, округ тұрғындары да көмек беріп, күн ара 80 кг өнім жинауда.
Еңбек – адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.
Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі және т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып қызметкер жалдамастан өзі өз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, өнертапқыштың қоғамдық кооперациядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық әскерлерде, ішкі және сыртқы барлауда әскери міндетін өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар әкімшілік құқықтың пәнін құрайды. Аталған орындардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының бірі шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттік қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейтін, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сейкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Ұзақ уақыт бойы оқу әдебиеттерінде еңбек қөұқығы саласының қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды ең алдымен, ҚР Еңбек туралы заңдар кодексінің 2-бабының мазмұнымен байланыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидалардыеңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда әлдеқайда кеңірек, себебі, олар өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығының барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік органдарын) қамтиды. Қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын мәнінде жүзеге асырылуын да қамтамасыз етуі қажет.
Адамды адам еткен – еңбек. Иә, Жер әлемдегі барша адамзатты бір-бірінен ерекшелеп, екшеп тұрған да осы еңбек пен білім. Сондықтан, кез-келген уақытта нағыз еңбек адамы жоғары бағалана бермек. Бұл турасында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінде жан-жақты айтып өткен болатын. Бүгінгі таңда елімізде екі қолына бір күрек ұстағысы келген адамға барлық жағдай жасалған. Жеке бизнесін ашқысы келгендерге мемлекеттен көмектер, құжат мәселесінің оңтайлануы, қайта оқыту және жеңілдетулген несие мен субсидиялар. Қысқасы, еңбек етем деушілерге барлық жол ашық. Бірақ, қазіргі қоғамда нағыз еңбеккерлердің мәртебесі төмен, оларға тиісті құрмет көрсетілмейді. Бүгінде жарты ғасырлап өзінің сүйікті ісімен айналысып, кәсібінің нағыз маманы болған азаматтарға өз дәрежесінде құрмет көрсетіле бермейді. Соның салдары болар, жастардың басым көпшілігі жаны қалаған жұмыспен емес, табысы мол мамандықпен айналысады. Бұл мәселені Елбасының аталмыш еңбегі жарияланғаннан кейін белгілі ақын Аманхан Әлім көтерген еді: «Еңбек адамы бір кездері, яғни, Кеңестер кезеңінде ең жоғарғы тап дейміз бе, топ дейміз бе, әлде бір ұжымның жиынтығы дейміз бе, қалай дегенде де, ең бас-ты назардағы адамдар болған. Еңбек адамы өзіміздің Ыбырайым Жақаевтан бастап, кешегі Жазылбек Қуанышбаев, Кәмшат Дөненбаеваның Кеңес кезеңінде еңбектерінің көрінуі. Олардың еңбектерінің бағаланғандығы. «Социалистік Еңбек ері» деген атақты бір рет қана алып қоймай, оның екеуін, үшеуін қатар алып жатуы, сол еңбек адамдарының қадір-қасиетінің мықты екендігін көрсеткен еді. Қазір шынымды айтайын, еңбек адамдары солай бағаланып жатыр дегенге, онша сене қоймаймын да. Және керемет құрметтеліп жатыр дегенді де көрген жоқпын» – деген ақын еңбек майталмандарына деген құрметті жоғалтып алғандығымызды айт-қан еді. Сол кездегі «Айқын» газетінің бас редакторы, қазіргі ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп те еңбекті бағалау керек деген еді. Оның сөзінше, өз саласында үлкен жетістікке жеткен кез-келген білікті маман олимпиада чемпионынан еш кем емес. Сондықтан, жыл сайын аталған азаматтар іріктеліп, оларға да үлкен құрмет көрсетілу керек. Елбасының да мақсаты осы еді, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрып, әлеуметтік ортадағы еңбек адамының мәртебесін арттыру. Бұл тұста елімізде еңбек ерлеріне құрмет көрсетілмейді деген сөз қисынсыз әрине. Тәуелсіз Қазақстанда «Еңбек ері» деген атақ бар. Алайда, сол мәртебеге ие болған адамдарды көпшілікке үлгі етіп көрсету жағы ақсап тұр. Осыған ұқсас «100 жаңа есім» жобасының да аты басқа болғанымен, мақсаты бір.
Адам баласының эволюциялық даму барысы жайлы бүгінде сан түрлі пікір бар. Соның ішінде ғылымда, әсіресе, дарвинистік көзқарас мықтап орныққан. Бұл көзқарас бойынша адам маймылдан жаратылған-мыс. Деседе бұл жүйе адам баласының анатомиялық және материалдық мәдениет тұрғысынан дамуын түсіндіріп берсе де, адам табиғатындағы сан түрлі қатпарларына көз жүгіртуге келмейтін күрделі психологиялық ерекшеліктеріне тісі батпай жатады. Иә, адам ғажайып құбылыс. Басқа әлем бір төбе болса, адамның өзі бір төбе. Ұлы ойшыл Сократтан басталып «Өзіңді өзің таны» ұранымен жалғасқан адамтану ғылымының бүгінгі ғылым мен техниканың алға шыққан дәуірінде шеті де ойылған жоқ. Өйткені адамды тану барша ғаламды танудан да маңызды әрі басты мәселе. Адамды зерттейтін сан тарfудан тұратын ғылым салалары айналып келгенде бір сұраққа тірелетіні бар. Яғни, «Адамды адам еткен не нәрсе?» деген жалғыз сұрақ талай ғұламаның бар күш-жігерін сарқа жұмсап, күн-түн демей бастарын қатырғанына қарт тарих куә. Ендеше, бізде бұл сұраққа өз әліміз жеткенше жауап беріп көрейік.
Мұндайда «Адамды адам еткен – еңбек» деп қараған Маркстың атақты сөзі ойға оралады. Келісеміз, әрине. Адам жалқау болғанда бүгінгі күйіне ешқашан жете алмас еді. Сонау терімшілік пен аңшылықты кәсіп еткен қарапайым өмір сүру формаларынан бастап, кейінгі өндірістің дами бастаған революциялық кезеңге дейінгі аралықта адамның қаншама төгілген тері мен қолының табы жатқаны баршаға мәлім. Одан кейінгі адам қолынан шыққан әлемнің жеті кереметі де осы тынымсыз еңбектің нәтижесі болатын. Дегенмен адамның даму процесін тек еңбекпен байланыстыру тым жадағай болып көрінеді. Өйткені, адамнан басқа айналамызда жүрген сан түрлі тіршілік иелерінің еңбек етуі адамнан асып түспесе кем түспейтіні айдан анық. Тіптен оларды бұл жағынан өзімізге ұстаз тұтатынымыз бар. Бірақ сол тіршілік иелерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі қайда деген сұрақ туындайды рас. Ғылыми болжам бойынша адамның жаратылуы басқа жануарлармен салыстырғанда тым қысқа. Ал сол бізден әлдеқайда бұрын пайда болған тіршілік иелерінің қаншама тынымсыз еңбек етсе де адам секілді өркениетті қоғам құра алмауы неліктен?! Демек адамның еңбектене білуден басқа ерекше бір қабілеті болғаны ғой. Иә, ол қабілет адамның ақылы болатын. Ақыл адамның басты қаруы. Егер адам ақылды болмағанда өзінен физикалық қуаты әлдеқайда күшті әрі қоршаған ортаға бейімделгіш басқа тіршілік иелері тарапынан жойылып кетуі де мүмкін болатын. Адам ақылдың арқасында ойлана білетіні, ал ойдың арқасында кереметтер жарата алатыны ақиқат. Оның сыртында адам баласының ізденгіштік және шығармашылық қасиеттері де көп кәдеге жарады. Дегенмен адамды адам еткен әрі барша әлемнен өзгешелеп тұрған осы ақылының пайдасымен қатар зияны да бар болатын. Өйткені Абай атамыз айтқандай адамның ақылы жақсылықпен қатар жамандыққа да жол ашатын. Сондықтанда әл-Фараби атамыз «Адамға бірінші білім емес тәрбие беру керек, өйткені тәрбиесіз білім әлемді бұзады» деп бекер айтпаса керек. Кешегі әлемді түнекке орап, қанға бөктірген Гитлер мен Сталин секілді тирандарды білімсіз немесе ақылсыз деп айта алмаймыз. Бірақ сол білім мен ақылдарының нәтижесі аттарының тарихта қара таңбамен жазылуына әкелген жоқ па?! Адамның ақылы мен ойының, ізденгіштігі мен талабының, таланты мен өнертабысының көрінісі болып табылатын әрі талай жетістікке жетуіне мүмкіндік берген техникалар мен озық компъютерлерінің бүгінде теріс ықпалын жасыра алмаймыз. Демек, бұдан адамның өркениетті қоғам құруына ақылдан басқа тағы бір нәрсенің ықпалы болғанын түсінеміз.
Бұл адамзат қоғамын мейірімділік пен ізгілікке бастайтын қасиетті жол болатын. Ол жол адам қанағатын жоғатқанда ұятын оятатын, мейірімділігін жоғалтқанда жауыздығын тізгіндейтін, жүрегі түнекке тұншыққанда, түнектен шығарып нұрға толтыратын, парызын ұмытқанда қарызын есіне түсіретін, пенденің хайуани инстингін тежеп періштеге жақындататын адамның адамдық бет-бейнесі мен даналық көрсеткіші – адамгершілік жолы еді. Егер кез-келген қоғамда адамгершілік заңы салтанат құрмағанда ол қоғам азғындап, түбі құрып тынатын. Сондықтан адамгершілік адамның ақылын жүрекке билетіп, оны гуманистік қоғамға апаратын. Ал гуманизмді жолбасшы еткен қоғам сан мың жыл өтседе татулығын жоғалтпай, бейбітшілік пен тұрақтылықтың бесігінде тербелетін.
Адамгершілік – тәрбие жемісі. Адамды адам болуына еңбек пен ақылы ғана емес, адамгершілік қасиеті де көп әсер еткенін сөз еттік. Енді адам адамгершілік қасиетті қалай иеленетіні туралы сөз қозғайық. Абай атамыздың он жетінші қара сөзінде Ғылымның Ақыл мен Қайратты Жүрекке бағынуға үндегені туралы айтылатыны бар. Егер жүрек дененің патшасы болса, адамгершілік мінездің патшасы. Демек адамгершілік те жүрекке ұялап, жүректен туындайды. Ал жүректің таза, рухтың биік болуы адамның алған тәрбиесімен байланысты. Адамның жүрегіндегі адамгершілік қасиет ешқашан білімділігінің көрнісі бола алмақ емес. Академиялық білімі болса да адамгершілік жұғыны жоқ пенделерді көргенде осындай ойға қалатынымыз жасырын емес. Керісінше оқу оқымаса да адамгершілігі биік адамдарды көргенде әлемнің осындай ақ жүрек адамдардың арқасында аман тұрғанына шүбә келтірмейсің.
Аталарымыз ұрпақтарының ең алдымен адамгершілік пен патриоттық тәрбие алуына мән берген. Сондықтан қазақ қоғамында қылмыс өте аз болып, түрменің маңызы болмаған. Қазақ туысқаншыл халық. Жеті атаға дейін қыз алыспай туысқандығын сақтаумен қатар, олардың алтауыз ала болмай, тату-тәтті болуына көп күш салған. Туысқанын өкпеге қиса да, өлімге қимайтын мәрттігі, атасының құны болса да алдына келсе айыбын кешіретін кеңдігі, адуынды болса да аталы сөзден аспайтын білгірлігі, өз мүдессінен ел мүддесін артық қоятын отансүйгіштігі осы адамгершілік тәрбиенің озық үлгісі емес пе?! Тіптен, әскери жүйесі де осы туысқандық қатынаспен тығыз байланысты еді. Сондықтан кез-келген қазақ ұланының санасындағы отан түсінігі туысқандық сезімімен астасып жататын. Отанын қорғау туысқанын қорғау екенін де жете түсінетін. Осы сезім мен парыздың арқасында ел шетіне жау келгенде бүгінгідей «Отан үшін! Ел үшін! Халық үшін!» деген жалаң ұранмен емес, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп аттанатын. Бұлда туысқандық пен отан ұғымын қатар көретін адамгершілік қасиет екені даусыз. Сол себепті ата-ана, сүйген жары мен бала-шағасын жаратқанға тапсырып, туған жерінің тұтамдай жерін жауға бастырмау үшін өлуге бейіл еді. Бүгінде адамзат ұстазы болып саналатын ежелгі гректерден де, шығыстың қос алыбы әрі ежелгі мәдениет орталықтары Қытай мен Үндістаннан да аталарымыз құрған қоғамның кейбір гуманистік белгілерін кездестіре алмайтынымыз да шындық. Бергі Ресейдің қазақ жерін зерттеген талай мүйізі қарағайдай ғалымдары да қазақ қоғамының ішкі үндестігіне таң қалып, талай жазба да қалдырған. Адамгершілік қағидаларына немқұрйды қарау қашанда жақсылыққа апармағаны заңдылық. Өзіңіз жақсы білетін атақты «Үш жүз Спартандық» оқиғасы осының айқын дәлелі. Адам тағдырын дене мүшелерінің мінсіздігіне қарап анықтайтын спартандық архонтттардың (қарт жауынгерлерден құралған кеңес) бір қателігі ешкімге бас имеген батыр спартандықтарды парсының Ксеркс патшасына бодан қылған жоқ па?! Олардың жеңілісіне Эфиальттың сатқындығы себеп болды десек те, сол «сатқынның» шығуына ең алдымен спарта қоғамы кінәлі болатын. Яғни елдің аман болып, ұрпақтың отанға адал болуы адамгершілік тәрбиенің жемісі екені хақ.
Адамгершілік тәрбиені қалай береміз? «Егер сен алдыңа бір жылдық мақсат қойсаң – егін ек, он жылдық мақсат қойсаң – ағаш отырғыз, ғасырларға мақсат қойсаң – ұрпақ тәрбиесімен айналыс» дейді шығыс даналығы. Біздің де мемлекетіміз мәңгілік тұғырында тұру үшін ұрпақ тәрбиесімен айналысу мемлекеттің мәңгілік мұраты болуы шарт. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады» делінген. Демек бүгінде еліміздің жастарға баса назар аударуын мемлекетіміздің болашағын қамтамасыз етуден туындағанын аңғарамыз. Әрине, ұрпақ тәрбиелеу айтқанға ғана оңай шаруа. Әр нәрсенің бастау алар басқышы болатыны секілді тәрбиенің де өзіндік басқышы бар. Яғни, тәрбиенің басқышы – қамқорлық. Ал адмгершілік тәрбие беруде қамқорлықтың алар орны тым жоғары. Егер келер ұрпаққа ең алдымен қамқорлық көрсетілмесе олардың арасынан талай Эфиальттың шығары анық. Мейірімділік пен қамқорлық бір-бірімен толық қабысқанда ғана адамгершілік тәрбиенің есігі ашылмақ. Тәрбиенің келесі сатысы – ұлттық тәрбие. Өз ұлтының құндылықтарымен сусындамаған адам ешқашан толыққанды адам болмайтынын тарих талай дәлелдеген. Өйткені қай ұлттың тәрбиесін көріп, сол тілде білім алған адам сол ұлттың сойылын соғатынына куә болып жүрміз. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра отырып, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдаланғанда педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін және тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойына еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу.Қазіргі кезде еңбекті ысырып қойып,білімге бет бұрған заманда,балалардың еңбекке деген көзқарасы мүлде азайып кетті. Казіргі кезде барлығы автоматтандырылған ,ол заман талабы. Бірақ ересек адамдар біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек,баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оның еңбек тәрбиесіне тікелей байланысты екенін .Барлығы автоматтандырылған болсада,арасында балаға еңбектің нәтижесін қолмен істеп көрсетіп отыруымыз қажет. Кейде ересек адамдар балаға кішкентай кезінде ештеңе үйретпей,өзіне керек кезде үйреніп алады деген теріс ұғымнан аулақ болуымыз керек. Ол кезде кеш болады.
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді кішкентай кезінен бастап меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал етеді және ептілікке тәрбиелейді. «Адамды — адам еткен еңбек» Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы күш-қуатымыз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. «Еңбексіз күнің қараң» -дегендей күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп. Алайда, 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімі-кешегін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.
Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.
Баланың әр жасаған еңбегін, нәтижесін мақтап жігерлендіріп отыру қажет.
Мысалы: Ой, жарайсың, сенің қолыннан барлығы келеді,қандай жақсы жасағасын, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Еңбек етуге жат қылықтар: Жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздық, еріншектік, жиренуге баулып отыру, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Деңсаулық,бақыт пен байлық адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі -оның ойынмен тығыз байланыстылығында. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Бала ойын арқылы есейеді,ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады» деп айтқан. Сондықтан бала ойнаған кезде қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау кажет. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл- қозғалысы үлкендерден және өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Отбасында баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі. К.Д.Ушинский балалар ойынын олардың оқудан тыс іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте алып қарастырады. Балалардың оқудан тыс іс-әрекеттері ойын қатарына қосылмайды, әйтседе осыдан ойынға өте ұқсас жайттар көптеп көрінеді. Ол бала ойынының оның бос уақытындағы ермегінен, істеген жұмысынан тек шартты түрде ғана айырмашылығы бар, ол іс-әрекеттердің көбінде бірін-бірі алмастырып жататындығын атап көрсеткен.
«Баланың оқудан тыс іс-әрекеттері мен ойыны өзара қабысып жатады, сол үшін баланың көңілі қалайтын іс-әрекетті қай кезден басталып, қай жерде аяқталатынын аңғару қиын: мейлі ол – атыз қопсыту, гүл отырғызу, қуыршағына көйлек тігу, себет тоқу, сурет салу, ұсталық ету немесе кітап түптеу т.б. секілді жұмыстар болсын – осының бәрі бала үшін шынайы еңбек болып есептеледі, олар осы іс-әрекеттерге рақаттана беріліп, сол үшін кәдімгідей күйіп-піседі, ойын-еңбегі жолында қиындықтан қашпай, қайта төзімділік танытады. Осының өзі адам табиғатының негізгі заңы еркін еңбек екендігін меңзейді». Алайда баланың бос уақыттағы іс-әрекеттері мен ойыны Ушинский үшін басқа сипаттағы жеке іс-әрекет ретінде ойынмен сәйкес келмейтін құбылыс болып көрінеді. Міне, осындай қасиеттермен сапаның ұштасуы әрбір баланың бойынан өзіндік ерекшеліктерді аңғаруға мүмкіндік береді. Біз мұнымен күнделікті тәрбие тәжірибесінде ұшырасып отырамыз. Кейбір балалардың бойындағы осындай еңбек және ойын элементтері көп уақытқа созылмай дұрыс қалыптасып кетеді, ал екінші бір балаларда – ойындағы мінез құлқының дамығаны сондай, тіпті оны қалыпқа келтіру үшін кәдімгідей тәрбиелік ықпал жасауға, күш салуымызға тура келеді. А.С.Макаренко ойынның балалар дамуындағы рөлін айқын көрсетіп,әрі оның еңбекпен диалектикалық байланысын ашып берді. Ол былай деп жазады: «Қайраткер және қызметкер ретіндегі әрбір жеке адамның бүкіл тарихы – ойынның дамуы және оның бірте-бірте еңбекке ұласуы сипатында көзге елестейді. Бұл өте баяу жүретін құбылыс. Бала сәби кезінен бастап ойынмен айналысады, оның еңбектену функциясы аса елеусіз, өзін-өзі күту шеңберінен шыға алмайды, өз бетінше тамақтана бастайды, киімін киеді. Бірақ осы іс-әрекеттің өзіне ол көптеген ойын элементерін енгізеді.
Балалар еңбегінің тағы бір маңызды қайнар көзі – баланың ересек адамдардың еңбегіне еліктеуі. Бұл ұмтылыс олардың ойынынан аңғарылады. Балалар тамақ әзірлеу үстінде өз аналарына ұқсауға тырысады, мысалы мұғалім, тәрбиеші, ұшқыш т.б. Бірақ балаларды еңбекке тәрбиелеуде ойын кезіндегі еліктеулері жеткіліксіз. Баланы айналадағы дүниенің талабына сай келетін еңбек сипатындағы іс-әрекеттке бейімдеу қажет. Мәселен, олар: табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды баптап-күтуге, көктемде көкініс отырғызу үшін атызды қопсытуға, шыршаға ойыншық әзірлеуге тағы басқа осы секілді өздеріне лайықты жұмыс түрлеріне белсене қатысулары керек.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар көру, есту, түйсіну, сезінуді дамытуға мәнді ықпал етеді.Ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, өнегесі еңбекпен ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі.Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігін,қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырудың алғашқы нышандарын сездіреді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілдік сезімнің алғышартын қалайды. Отбасында дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды қызықтырмайды. Еңбектің бәрі баланың күшін жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшықеті мен жүйкесінің дамуына, төзімділікке, бұлшықет қимылдарының үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Мектепте жер теліміндегі және табиғат мүйістеріндегі, кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбектік дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн. Сөйтіп, мысалы, егудің алдында балалар дәндерді (формасын, көлемін, түсін) қарап шығуға, өскінді отырғызу алдында өсімдік бөліктерінің атын (сабағын, жапырақтарын, гүлдерін) атауды қайталауға тиіс.Бұл кезде еңбектене отырып,білім де алады. Кез келген еңбектік әдісті ересек адам түсіндіруге және өзі жасап көрсетуге тиіс сонымен бірге бір немесе екі балаға қайталату қажет.Тек осыдан кейін ғана әдісті бүкіл топтың балаларының орындауына ұсынуға болады. Бір әдісті үнемі қайталап қолдану – еңбек дағдыларының пайда болуын қамтамасыз етеді. Балаларды еңбеке үйретуде қолданылатын әдістерге – үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінің үлкен еңбек үлгісімен танысу, балаларға әр түрлі еңбектің түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің және бүкіл топтың істеген жұмысына баға беру жатады.«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» дегендей адамның күші, білімі осы еңбекпен тығыз байланысты.