Төлеби ауданы Күмістөбе ауылының ІІІ топтағы мүгедектігі бар тұрғыны Әлі Доқтырбайұлы 1 380 000 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, құлпынай өсіру ісін қолға алған. Үйіргелік жерге дақыл өсіруді бастаған шаруа бүгінде айына 140 теңге табыс тауып отыр. Өнімге деген сұраныс жоғары.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметтіне сәйкес, елімізде республикалық деңгейде 20-дан астам мемлекеттік жоба іске асырылуда. «Атап айтқанда, бұл «Бизнестің жол картасы-2025», индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Еңбек», «Нұрлы жол», Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы. Олардың әрқайсысының өз міндеттері мен талаптары бар. Кейбір бағдарламалар мемлекеттік тапсырмалар мен тапсырыстар арқылы бизнеске жанама қолдау көрсете алады». Сондай-ақ, қауымдастық квазимемлекеттік құрылымдар мен әкімдіктер тарапынан қолдау бағдарламаларын да мемлекеттік жобаларға жатқызуға болатынын алға тартты. Мысалы, «Даму» жобасы әкімдіктермен бірлесе отыра 24 өңірлік жобаны жүзеге асыруда. «Бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламалардың көптігі және бірыңғай тізілімнің болмауы мемлекетке де, бизнес-қоғамдастыққа да жоғары дәрежеде әсер етпейді. Сондықтан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрсеткіштері мен индикаторлары көп мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды тоқтатып, халыққа түсінікті қысқа ұлттық жобалардың форматына көшуді тапсырды», – деп хабарлады қауымдастық. Сонымен қатар, шағын орта бизнесті қолдау негізінен «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беру» бағдарламалары аясында іске асады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» аясында кәсіпкерлікті микрокредиттеу бағдарламасы басталды. Айналым қаражатына 5 млн теңгеге дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін несие беріледі. Осы ретте, 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі 6% мөлшерлемемен кепілсіз негізде беріледі. Бұл бағдарламалардың жалпы қоржыны 5 трлн теңгеден асады. Оның ішінде, «Бизнестің жол картасы» – 3,7 трлн теңге, «Қарапайым заттар экономикасы» – 637 млрд теңге, кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беру – 884 млрд теңге бөлінген.
«Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бастамасы. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша халықтың аса мұқтаж топтарына: жастарға («Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы шеңберінде); мүмкіндігі шектеулі адамдар мен егде жастағы адамдар (арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу есебінен) қысқа мерзімді курстар өзектендіріліп, іске асырылады.
«Бейресми жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің қызметін ресмилендіру» бастамасы. Бейресми жұмысты қамтуды азайту үшін шаралар кешені, оның ішінде жеңілдетілген тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандарға ерекше назар аудара отырып, еңбек шарттарын «заңдастыру»; «көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, профилактикалық шараларды кеңейту, «жосықсыз жұмыс берушілердің» тізілімін енгізу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жеке тұлғалар мәртебелерін өзектендіру; ақпараттық-түсіндірме жұмыстары іске асырылатын болады.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бастамасы. Өнімді жұмыспен қамтуды арттырудың негізгі бағыттарының бірі жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Ол үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуды, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі қызмет көрсетулер мен кооперацияны кеңейтуді ескере отырып, оның ішінде қаладағы және ауылдық жерлердегі микрокредиттеуді дамыту арқылы қолдау шараларының толық спектрі көрсетілетін болады.
«Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу» бастамасы. Жұмыс күші артық облыстардан кадрлар жетіспеушілігі байқалатын облыстарға ерікті қоныс аударуы кезінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жалғастырылады. Бұл тәсіл еңбек ресурстарына сұранысқа сәйкес кейін ішкі мигранттар ағынын саралай отырып, өңірлік квоталар белгіленетін «экономикалық өсу нүктелерінде» (агломерацияларға, ірі және орта қалаларға, ірі жобаларды көшіру, перспективалы шекара маңы аумақтары) негізделетін болады. Көшіп-қонушыларға тұрғын үй жалдау мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша жылдық шығыстарды өтеуге субсидия нысанында қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Бұл ретте аталған қаражатты қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігі берілетін болады. Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй қарыздарын беру мүмкіндігі қаралатын болады. Көшіп-қонушыларды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандыру шаралары жергілікті атқарушы органдардың субсидиялау құқығымен, сондай-ақ көшіп-қонушылар кәсіпкерлік негіздеріне алдын ала оқытып, оларға жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар мен бау-бақша, ауыл шаруашылығын жүргізуге немесе коммерциялық мақсаттарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз ете отырып, жұмыс берушілерді тарту болып табылады.
«Еңбекті үйлестірудің тиімді моделін құру» міндеті. Салалар, елді мекендер мен санаттар арасындағы еңбек ресурстары ағынын тиімді басқару қатарлас жұмыс істейтін арналарды үйлестіретін еңбек нарығының дамыған инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етіледі, ол арқылы мемлекет пен бизнес барлық өтініш білдірген азаматтарға қолдау шараларын көрсететін болады.
«Электрондық еңбек биржасын енгізу» бастамасы. Онлайн-портал базасында мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарындағы, жеке агенттіктердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет-алаңшаларындағы барлық бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы деректерді шоғырландыру үшін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңша енгізілетін болады. Электрондық биржа қаржылық шығындарсыз және қамту географиясы ауқымды түйіндеме мен бос орындарды электрондық форматта іздестіру үшін кең мүмкіндік береді. Азаматтарға арналған ақпараттық пакет бос орындар сипаттамасын және мемлекеттік қолдаудың сүйемелдеуші қолжетімді шараларын, оның ішінде уақытша тұрғын үй алу шарттары мен мүмкіндіктері, көшіп-қонуға дайындық тәртібі, біліктілік алу мүмкіндіктері мен ұсыным жасалатын оқу орындары туралы ақпаратты қамтитын болады. Онлайн-портал сервистері онлайн-режимде кәсіптік бағдарлау, азаматтарды талап етілетін кәсіптер мен оқыту курстары, сапа болжамдары және еңбек нарығы бойынша талдама туралы хабардар ету сияқты көрсетілетін қызметтердің кең спектрін қамтитын болады. Сонымен қатар еңбек кітапшаларының электрондық форматы енгізіледі. Бұл азаматтардың ресми түрде жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат алуға, қызметкердің бейінін онлайн-режимде жүргізу мен оның құзыреттілігін растауға мүмкіндік береді.
«Халықты жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту» бастамасы. Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына трансформация жүргізіледі. Жүгінген жұмыссыздар мен өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға, әрбір іздеуші үшін оның дағдыларын диагностикалауға және оны тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атаулы шаралар кешенін тұжырымдауға негізделген кәсіби дамудың дербес стратегиясын әзірлей отырып, кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптер бойынша оқыту, жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсетілетін болады. Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың белсенді және электрондық форматын енгізеді. Бос жұмыс орындарын, оның ішінде цифрлық арналар есебінен, тіркеу рәсімдерін оңайлату жұмыс берушілердің базасын едәуір кеңейтеді, олар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары қазіргі заманғы HR-қызметтер ретінде жұмыс істейтін болады.
Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысында барлық рәсімдер барынша автоматтандырылады, ал жұмыс іздеушілермен де, сол сияқты жұмыс берушілермен де байланыстар «бір терезе», атаулылық пен нәтижелерге бағдарлану қағидаттарында жолға қойылатын болады. Бұл ретте еңбекті үйлестірудің көп арналы жүйесінің тиімділігін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтеріне қол жеткізу нүктелерінің көптігі: халыққа қызмет көрсету орталықтары, egov «электрондық үкімет» порталы, ауылдық елді мекендер әкімдері мен бірыңғай электрондық еңбек биржасы есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Азаматтарды еңбекке орналастыруға жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту» бастамасы. Азаматтардың еңбекке орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін кәсіптік бағдар беру, еңбекке орналастыру, кадрлар даярлау және қайта даярлау бойынша көрсетілетін қызметтер сияқты жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жеке жұмыспен қамту агенттіктері тартылатын болады. Жеке ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу олардың жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі мен тұрақты жұмыспен қамтуы көрсеткіштеріне байланысты болады. Бұл еңбек нарығында мамандандырылған делдалдардың нарығын құрады, еңбекке орналастыру арналарын, азаматтардың еңбек ұтқырлығының мүмкіндіктерін кеңейтеді және бәсекелестік есебінен қызмет көрсетулер сапасын жоғарлатады.
«Шетелден жоғары білікті кадрлар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау» міндеті. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін қайта құрылымдаудың өтпелі кезеңінде жергілікті жұмыс күші құзыреттілігінің тапшылығы Қазақстанға жоғары білікті мамандарды – шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар мен шетелдік жұмыскерлерді тарту бөлігінде еңбек нарығын айтарлықтай ырықтандыру арқасында ішінара қанағаттандырылатын болады.
«Жоғары білікті шетел жұмысшыларын тарту үшін ынталандыру шараларын енгізу» бастамасы. Жоғары білікті мамандарды тарту үшін преференциалдық режим құрылады, біліктілік деңгейі бойынша шетелдік қызметкерлер үшін визаларды санаттандыру жүзеге асырылатын болады. Жоғары білікті кадрлар үшін квоталар, экономикалық орындылығына тест жүргізу қажеттілігі жойылады, виза алу мерзімі қысқарады, елде болу ұзақтығы ұлғайтылады, құжаттарды тапсыру процесі оңайлатылады. Ел үшін басым жобаларды іске асыруға қатысу үшін білікті шетелдік жұмыскерлерге іске асыратын жобаларының сипатына байланысты рұқсаттар бірден 3 жыл мерзімге беріледі. Қазақстанда, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және өңдеу өнеркәсібі салаларында дербес және ұзақ мерзімді кәсіби қызметті жоспарлайтын жұмыскерлер үшін біліктілінің сәйкестігі туралы анықтама да үш жыл бойы жарамды болады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) жанынан визалық-көші-қон және салықтық көрсетілетін қызметтерге, ақпаратты өңдеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) және мамандандырылған ХҚКО көрсететін қызметтерге ғана емес, сол сияқты тұрғын үйді, білім беру және медицина мекемелерін іздестіруге жәрдемдесуге де «бір терезе» қағидаты бойынша орталықтандырылған қолжетімділік мүмкіндік беретін АХҚО Экспат Орталығы құрылады. АХҚО Экспат Орталығы көрсететін қызметтер Астанада тұрып жатқан барлық шетел азаматтарына да, оның ішінде ағылшын тілінде де қолжетімді болады.
Күтілетін нәтижелер. Білім беру жүйесі өзекті мазмұны мен нәтижелі білім беру процесінің арқасында отандық жұмыс берушілердің сеніміне және қоғамның мойындауына ие болған біліктіліктің барлық деңгейлерінде тиімді еңбек ресурстарын жеткізушіге айналады. Білім беру сапасының көрсеткіштері жақсарады; 2025 жылға қарай PISA тестінің деректері бойынша орта мектеп білімінің сапасын бағалау математика бойынша 460-тан 480-ге дейін, оқу бойынша 427-ден 450-ге дейін, ғылым бойынша 456-дан 490-ға дейін өседі. Тиімді жұмыс істеп тұрған еңбек нарығы институттары ниет білдірушілер үшін сапалы жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігі төмен өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2025 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 13,6%-дан 10%-ға дейін төмендейді. Шетелдік жоғары білікті мамандарды тарту қысқа мерзімді кезеңде еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар) орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған Елдің үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар) алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын жойды және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда. Жаңа уақыт бізге жаңа сын-қатерлер тудырады: экономиканың шикізаттық моделі артықшылықтарының төмендеуі, жаһандық экономикадағы протекционизмнің өсуі, цифрлық қоғамның қарқынды дамуы, технологиялық парадигманың ауысуы – бұның бәрі Қазақстаннан әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге ден қоюды талап етеді. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізінде экономиканың өнімділігін және күрделілігін арттыру, адами капиталды дамыту және бәсекелестіктің өсуі жағдайында жекеменшік қаражатын тарту, жеке сектордың көшбастаушы рөлі мен ел өңірлерінің даму әлеуетін іске асыру есебінен экспортқа бағдарланған өндірісті ынталандыруға негізделген жаңа экономикалық өсу моделі қамтылған. Экономикалық өсудің жаңа моделі әлемнің дамыған отыз елінің лигасына кіру жолында «орташа кіріс тұзағын» еңсеруге мүмкіндік береді.
2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты көтерілуіне қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін түйінді ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар алдағы әлемдік оқиғалардың үш сценарийін қамтиды және олардың әрқайсысында қазіргі заманғы табысты мемлекеттің мәртебесін сақтау және нығайту үшін Қазақстанға қажетті даму жолдарын әзірлейді. «Технологиялар серпілісі» сценарийі технологиялық прогресс әлемдегі негізгі бәсекелі артықшылықтың біріне айналады деп болжайды. Дер кезінде инновацияларға инвестиция салған және оларды енгізуді қамтамасыз ете алған елдер экономиканың барлық салаларында өнімділіктің жоғары өсу қарқынына қол жеткізді. Мұндай жағдайда дамыған елдер жыл сайын орташа есеппен 2,5%-ға, дамушы елдер 4,7%-ға өседі. Осы сценарий шеңберінде Қазақстанға өмірде қажетті жоғары технологиялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басым бөлігін импорттауға және ол үшін табиғи ресурстармен ақы төлеуге мәжбүр қалыс қалған елдер тобында мәңгі қалып қоймау үшін барлық салаларға дер кезінде технологиялық жаңғыртуды аяқтау өте маңызды. Негізгі құралдарды және өндірістік процестерді жаңарту, жұмыс күшінің когнитивті және технологиялық дағдылары мен құзыреттерін дамыту, жоғары білікті мамандарды тарту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші орынға шығуы тиіс.
Осы сценарий бойынша 2050 жылға қарай әлемнің отыз жетекші елдерінің лигасына кіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстан 2025 жылға дейін нақты мәнінде 5,0% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізуі қажет.«Біртұтас ашық әлем» сценарийі ырықтандыру, еркін сауда және халықаралық интеграция аясында жаһандану процестерін күшейтуді көздейді. Азия елдерінің рөлін күшейте отырып, дамушы елдердің озық өсуі күтілуде. Мұндай қолайлы жағдайларда дамыған елдердің өсу қарқыны жылына орташа есеппен 3,1%-ға, ал дамушы елдер қарқыны 5,2%-ға артады.
Бұл сценарий шеңберінде Қазақстан үшін халықаралық интеграция процестеріне, әсіресе Еуразия өңірінде «Жаңа Жібек жолы» жобасына неғұрлым терең интеграциялану арқылы белсенді түрде қатысуы маңызды. ҒЗТКЖ-ға және инновацияларға жедел ірі ауқымды инвестициялар тарту, сондай-ақ ішкі бәсекелестікті күшейту Қазақстанға неғұрлым бәсекеге қабілетті тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен әлемдік нарыққа шығуға және әлемдік сауда көлеміндегі өз үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Шетелдік инвестицияларды тарту және қолайлы имиджін қалыптастыру үшін ЭЫДҰ-ның заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономиканың ашықтығын арттыруға және тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдарын іске асыруды жеделдету қажет. Бұл жағдайларда 2025 жылға дейін Қазақстанға 5,4% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.«Бөлінген әлем» сценарийі протекционизм саясатының кең таралуын болжайды, нәтижесінде жалпы әлемдік өсу баяулайды, ал дамушы елдердің экономикалары өз импульсын жоғалтады. Әлемдік сауданың айтарлықтай құлдырауы күтілуде. Саяси тұрғыдан алғанда, ұлтшылдық құбылыстарының, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстары, көші-қонды шектеу аясында әлем одан сайын бөлшектене түседі. Бұл сценарий дамыған елдердің ЖІӨ орташа жылдық өсу қарқынының жылына орташа есеппен 1,2%-ға дейін, ал дамушы елдерде 2,7%-ға дейін төмендеуіне алып келеді.
Бұл сценарий жағдайында Қазақстан үшін шикізат тауарларының экспортынан түсетін кірістердің азаюын өтеу мақсатында экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейту және әлемдік нарықтарда олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Халықтың осал топтарын қорғау үшін әлеуметтік басымдықтарға баса назар аудару қажет. Шетелдік әріптестермен сындарлы қарым-қатынастарды сақтау үшін егемен, зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық имиджін ұстап тұру аса маңызды болады. Бұл жағдайларда 2025 жылға дейін Қазақстанға 4% деңгейінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.Ұсынылған үш даму сценарийінің неғұрлым ықтимал сценарийі «Технологиялар серпілісі» сценарийі болып отыр, ол 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда басым сценарий ретінде таңдап алынған.
Халықтың, бизнес пен мемлекеттік сектор өкілдерінің күтулеріне сәйкес (жүргізілген пікіртерімдердің нәтижелері бойынша) Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялар мен дағдыларға негізделген халықтың өмір сүруінің өсіп келе жатқан деңгейі мен бәсекеге қабілетті экономикасы бар ашық, біріккен және әділ елге айналуы тиіс. Қазақстан Республикасының 2025 жылға қарай стратегиялық мақсаты – бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, технологиялық жаңғырту, институционалдық ортаны жетілдіру және табиғатқа теріс әсерді барынша азайту негізінде экономиканың ЭЫДҰ елдерімен салыстырылатын адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға алып келетін сапалы әрі тұрақты өсуіне қол жеткізу. Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше елдерден кем емес әлеуметтік-экономикалық және институционалдық даму деңгейіне қол жеткізуге және кейіннен ЭЫДҰ құрамына кіруге мақсат қойып отыр. БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына, сондай-ақ мемлекет тыныс-тіршілігінің барлық салаларында озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын енгізу Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы прогресін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа қол жеткізу жылына орташа есеппен ЖІӨ-нің кемінде 4,5-5,0%-ы деңгейінде экономикалық өсуге сәйкес келеді, бұл Қазақстанға 2025 жылға қарай ЖІӨ деңгейінің өсуін жан басына шаққанда 46 100 АҚШ долларына дейін (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің қажетті алғышарты болып табылады. Сонымен бірге ЖІӨ елдегі өмір сүру сапасын, азаматтардың нақты әл-ауқатының деңгейін және қоршаған ортаға келтірілген зиянды толық көрсетпейді. Прогресті өлшеу және мақсатқа қол жеткізу үшін халықтың өмір сүру сапасын және экономикалық өсудің сапасын өлшейтін ұлттық нысаналы көрсеткіштер көзделген. Қолданылатын күштің және жалпы елдік прогрестің индикативті бағалау Қазақстанның ЖБҚИ ДЭФ рейтингіндегі позициясының жақсаруы болады: 2021 жылы 46-орын, 2025 жылы 40-орын, 2050 жылы 30-орын. Жоспар 7×7 – «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың жүйелі жеті реформасы мен жеті басым саясаты. 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған дамудың басым бағыттарының екі түрін қамтиды. жүйелі реформалар – 2025 жылға дейін ел экономикасында және әлеуметтік өмірінде болуға тиіс жеті маңызды серпінді өзгерістер.басым саясаттар – «Қазақстан-2050» стратегиясының басым бағыттары бойынша жүзеге асырылатын бағыт.