Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, қоғамның сұраныстарына қарай, қалыптасқан жағдайды ескеріп, озық тәжірибелерге қолдау жасай отырып, жетілдіріліп келді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы ахуалды пайымдау,талдау, жалпы алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамның әділдікті, баршаның заң алдындағы теңдігін және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге деген сұранысының сақталып отырғанын көрсетеді.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” мемлеекеттік Заң қабылдануымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамның күреске белсенді түрде қатысуына жағдай жасалды.
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қолданылуда, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды.
Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін шетелдік банктерде шоттарды иеленуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер енгізілді.
Қаржылық бақылау шаралары жетілдірілді. Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркеп, “кіріс” декларацияларын ұсынды. Өткен жылдан бастап кірістер мен шығыстарды салыстыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі жақсартылды. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда судьяның әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды.
Құқық бұзушылардың лауазымды адамдармен тікелей байланысын болдырмайтын “Сергек” жол жүрісін бейне-бақылау практикасын кеңейту құқық қорғау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін цифрландыруды пайдаланудың жарқын мысалы.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейтумен қатар, олардың жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ жекелеген санаттарға тұрғын үйді жалға алу және сатып алу шығындарын өтеу көзделген.
Ұлттық алдын алу тетігі, қоғамдық байқаушы комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғамды шешімдер қабылдау процестеріне тарту үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылды.
Өңірлік мәні бар маңызды мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуына негізделген жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді моделі дамытылуда.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау енгізілді.
“Адалдық алаңы” жобасының ауқымы ел бойынша кеңейтілді, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл арналарын құруға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді. Енді сыйақылар бұрынғыдай белгіленген мөлшерде емес, параның немесе келтірілген залалдың мөлшеріне қарай төленеді. Ең жоғары төлем төрт мың айлық есептік көрсеткішті құрауы мүмкін.
“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі кешенді және дәйекті жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның позициясы жақсарды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері мен қағидалары бірыңғай құжатқа жинақталды. Халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтер “бір терезе” қағидаты бойынша көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойына тыйым салу қолданылады.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандарға мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алып тасталды.
Халықаралық ұйымдармен және шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдармен сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымына келетін болсақ, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарында іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлықпен кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.
Қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттарды және алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарды ескеретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас саясатты дамыту жалғастырылатын болады. Тиісті шаралар мен нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында және басқаларда көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегиялық мақсат 2026 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде 47 баллға, 2030 жылға қарай 55 баллға қол жеткізу болып табылады.
Аталған көрсеткіш сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ғана емес, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалардың да бағасын қамтитынын ескере отырып, оған қол жеткізу жөніндегі жұмысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілері тартылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген шаралар сыбайлас жемқорлықтың, әсіресе, «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын кешенді түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлттартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тартуға бағытталатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, оның ішінде олардың нақты үлесін бағалаудың жария жүйесін енгізу арқылы барынша мүдделі және белсенді болады. Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, оның ішінде олардың нақты үлесін бағалаудың жария жүйесін енгізу арқылы барынша мүдделі және белсенді болады.Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз өтетін жағдайлар жасауға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін шетінен атайтын болсақ: баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік; жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану;сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; тиімділік пен нәтижелілік;сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде оны қабылдамау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау; сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы; сапалы цифрлық трансформация қағидаттарына негізделеді.
Жаңа қоғам құру, әділетті мемлекет құру жұмыстары, алдымен, өзектілігі басым болып тұрған – сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, алдын алу, болдырмау шараларын іске асырғанымыз жөн! Әрине оны әрбіріміз өзімізден бастап, жалпы қоғам болып іске асыруымыз керек !
Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі