Сыбайластық жемқорлықпен күресу Қазақстанның, бүгінгі күнгі, күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру қажет. Нормативтік – құқықтық актілерді, заңдылықтарды түсіндіру жұмысының деңгейін көтеруді, насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуді қажет етеді. Себебін түсіндіретін болсақ, сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты, жоспарлы түрде, қажеттілігіне көз жеткізілді.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2-ақпанындағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер ендірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту бойынша төмендегідей міндеттерді орындау арқылы іске асырылғаны жөн: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою; жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.
Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу саясаты іске асыру мақсатында бірқатар міндеттер белгіленді:
-Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру; Адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс.Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды оңай шешудің кепілі ретінде қабылдамауға, достық қарым-қатынас пен протекционизмді жұмыспен ұштастырмауға тиіс. Жемқорлар қоғамдық айыптауға ұшырауға тиіс. Адамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауды немесе жасамауды таңдауы жазаның ауырлығымен және қылмыс жасаудан күтілетін пайдамен салыстырылмауға тиіс. Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған коммуникациялық шаралар кешенін қабылдау қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы эволюциясында негізгі рөл атқарады. Құқықтық актілерді түсінікті тілде, қысқаша түрде түсіндіре отырып, сондай-ақ цифрлық шешімдерді, оның ішінде белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңдық фактілер бойынша автоматтандырылған хабарларды қолдана отырып, азаматтарға олардың құқықтары туралы нақты хабарлауды дамыту қажет. Ауқымды түсіндіру жұмысы азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді. Парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды рөл атқарады. Тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дарыту табыстың іргелі факторы болып табылады. Осы орайда, отбасы институты арқылы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту қажет. Білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық практикалар мен бастамаларды қолдау, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін болады.
Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру жүйесіне қосылатын болады. Баланы мектепке дейінгіден бастап, әртүрлі жас кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеп отыру қажет.Бұл жұмыста әлемнің дамыған елдерінде кең таралған академиялық адалдық пәрменді құралға айналуға тиіс. Сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік иммунитеті мықты азаматтардың жаңа ұрпағы қалыптасатын болады.
Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің өнегелерін кеңінен жазып-көрсету арқылы нығайту мәселелері баса назар аударуды талап етеді. Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті оқытуды оның үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, дамыту қажет. Мемлекеттік аппараттың “тазалығын” қамтамасыз ету үшін лауазымдық міндеттері сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдерімен ұштасатын қызметшілермен жұмыс жөніндегі шаралар әзірленетін болады.
Сатылмаушылықтың тағы бір маңызды элементі – мүдделер қақтығысын реттеу. Бұл үшін мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеуді жауапкершіліктің пәрменді шараларын, сондай-ақ жұмысқа орналасу алдында және мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін “аптығын басу” қағидатын қолдана отырып, егжей-тегжейлі түрде регламенттеу қажет. Бұл ретте қызметшілердің өздерін ынталандыру қажет. Бұл тұрғыда әркімнің үлесін дербестендіру қағидаты бойынша еңбекке бәсекелі ақы төлеу мен әлеуметтік пакетті қамтамасыз етудің маңызы зор. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты мәдениет қалыптасуға тиіс.
Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу. Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау аясында адал бизнесті ынталандыру өзекті болып табылады. Тағы бір ұсыным контрагенттермен жасалатын шартқа тараптардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол беруге болмайтынын және олардың уақтылы алдын алуға әзір болуды өзара түсінуіне бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені енгізу мүмкіндігі болып табылады. Жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытудың үздіксіз процесін белгілеу керек. Кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарға сәйкестігі экономикалық және беделдік ынталандырулар арқылы оларды көтермелеу шараларын қолдануға негіз болады;
-Сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау. Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту.Ұтымсыз капитал салымдарын, әсіресе, мемлекеттік секторда жою мақсатында, бюджеттен қаржы құюды көздейтін жобалардың экономикалық негізділігін бағалау тетігі қайта қаралатын болады. “Бір қол қою” қағидасын қоса алғанда, блоктық бюджетті енгізу жаңа бюджеттік қағидаларды, бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін қабылдаумен сүйемелденетін болады. Бұл шешімдердің жеделдігін, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін және қаржыны басқарудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бюджет процесінде қаржылық мерзімдерден жобалық мерзімдерге көшу де қажет, бұл күнтізбелік жылдың соңында орындалған жұмыстардың актілеріне асығыс қол қоюды және осыған байланысты заң бұзуды болдырмайды. Жалпы алғанда, мемлекеттік құжаттар мен жобаларды іске асыру кезінде жобалық менеджментті енгізу мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралына айналады. Жобаларды қаржыландыру нысаналы көрсеткіштер мен мемлекеттік инвестициялаудың өлшенетін нәтижелері болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады, бұл индикаторлардың тұтас елдің немесе нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін болжай отырып, оларды есептеу әдістемесін қалыптастыруды талап етеді. Бағалау халықтың өмір сүру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық факторларының болуы призмасы арқылы жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына шаққанда қаржыландыруды көздейтін және шығындарды жабуға бюджет қаражатының бөлінуін болдырмайтын “ақша адамның соңынан ереді” қағидаты негізгі қағидат болуы тиіс. Сонымен қатар шынайы мақсаттар мен индикаторларды алға қою үшін, сондай-ақ тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингтеу үшін анық статистикалық ақпараттың болуы қажет. Осыған байланысты көрсеткіштерді есептеудің қолданыстағы әдістемелері қайта қаралатын болады. Бюджет саясатының ашықтығына қол жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік қаржыны басқару процестерін бірыңғай платформаға біріктіру талап етіледі. Бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру.Мемлекеттік қаржылық қолдауға тек сенімді кәсіпкерлік субъектілері ғана жататын болады. Аталған салаға ревизия жасау осы орайда бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың басымдықтарына үйлеспейтін, мақсаттары қайталанатын, сондай-ақ экономикалық және/немесе әлеуметтік әсерді қамтамасыз етпейтін бағыттарды жоя отырып, мемлекеттік қолдау түрлерін оңтайландыруға да мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару әдіснамасын әзірлеу талап етіледі.Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрлық форматқа көшіру арқылы озық технологиялық шешімдерді одан әрі қолдану барлық салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатын болады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алудың анағұрлым әсеріне қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ғылыми құрамдас бөлігін дамыту бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.
-Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру. Жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаты жазалау практикасында ғана емес, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, келтірілген залалды өтеуде және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруде де болуға тиіс. Бұл жерде құқық үстемдігін қамтамасыз ету және сот төрелігінің мінсіз жүйесі шешуші болуға тиіс, мұнда атқаратын лауазымдары мен байланыстарына қарамастан, барлық құқық бұзушылар сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылатын болады.Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігі күшейтіледі, олардың қызметінің ашықтығы мен олар қабылдайтын шешімдердің әділдігі қамтамасыз етіледі. Қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізу де елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде пәрменді шара болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттерге жол берілмейді. Ықтимал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінен қоғамға келтірілетін залалды болғызбай, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізудің тетіктерін әзірлеу қажет. Бұл ретте тексерушілер тарапынан теріс пайдаланудан қорғау кепілдіктері көзделетін болады.Игіліктерді заңсыз алу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін басты себеп болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты “тиімсіз” ететін, яғни заңсыз жиналған қаражатты пайдалану мүмкіндігін жоятын тетіктерді енгізу талап етіледі. Шығыстар кірістерден айтарлықтай асып кеткен кезде негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу осындай құралдардың бірі болады. Жария лауазымдардың тізілімін енгізу қаржылық мониторинг шеңберінде осы тізімге кіретін адамдардың ғана емес, олардың жақын туыстарының да ірі сатып алуы мен операцияларын қадағалауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықта жосықсыз шенеуніктермен қатар бизнес-орта да мүдделі тарап болып табылады. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, заңды тұлғалардың парадан алатын пайдасы параның өзінен он есе көп. Сондықтан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін міндетті шарттардың бірі болып табылады. Үлкен айыппұл санкцияларын және басқа да шектеу шараларын қолдану компаниялар үшін лауазымды адамдарды параға сатып алуды экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді. Сонымен бір мезгілде кәсіпкерлік субъектілерін лауазымды адамдардың құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен, оның ішінде рейдерліктен қорғау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.”Тұрмыстық” сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жүйелі шаралар тұрғысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар жұмыскерлерінің заңсыз материалдық сыйақыны қорқытып алу фактілерінің жолын кесу тәсілдері қайта қаралатын болады.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Қоғамдық бақылау институтын дамыту. Қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктері қоғамдық кеңестердің қызметімен шектелмейді. Осы бағытта “Қоғамдық бақылау туралы” Заңның қабылдануы маңызды болып табылады, ол мемлекеттік бақылауға балама ретінде осы институтты айқындап береді. Азаматтық қоғам өкілдерінің бюджет процесіне, мемлекеттік сатып алу мониторингіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға, қандай да бір саладағы, өңірдегі неғұрлым проблемалы, өткір мәселелерді айқындауға қатысуы арқылы олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл процестерін жетілдіру қажет. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобаларға тиімді қоғамдық мониторинг енгізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға журналистер мен өзге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кеңінен тарту қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ететін болады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің өкілеттіктері мен құқықтарының әлеуетін барынша толық пайдалануға ықпал ету қажет. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға қатысуын ынталандыру үшін олар туралы хабарлаудың қолданыстағы тетіктері дамытылатын болады. Ақпарат берушілерді жұмыс орнында қудалау мен қысым жасаудан қорғай отырып, олардың еңбек ету құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды бекіту қажет. Арыз иесі туралы және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсеткен жәрдем туралы ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық енгізе отырып, оның құпиялылығына кепілдік берілуге тиіс.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үздік нәтижелерге қол жеткізу және қабылданатын шаралардың тиімділігін объективті бағалау мониторингтің тұтас жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Енгізілетін жобалық тәсілді ескере отырып, ол объективтілік және жариялылық қағидаттарына негізделетін болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалды нақты уақыт режимінде көрсететін индикатор болады. Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексін қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының қаншалықты тиімді екенін түсінуге, өзгерістерді бағалауға және іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа түзетулер енгізуге мүмкіндік беред;
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса мән беріліп жатқан кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына және ақпараттық жүйелеріне, қол жеткізудің нақты негіздерін, алынған ақпаратты теріс пайдалану мен жария ету және оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін болдырмайтын бақылау тетіктерін белгілей отырып, қол жеткізу мәселесін одан әрі пысықтай отырып, үлкен деректерді талдау негізінде интеграцияланған талдау құралдарын қолдану өзекті болып отыр. Мұндай тетік жасырын заңдылықтар мен тәуекелдерінің арақатынасын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың үрдістері мен басқа да инсайдтарды анықтауға ықпал ететін болады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық алғышарттарының бар екендігі туралы сигналдары кейіннен ден қою шараларын қабылдау үшін үлкен деректерді талдау шеңберінде пайдаланылуға тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтығын қамтамасыз ету үшін Әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтықты қамтамасыз ету үшін әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу қажет. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа тәсілдерінің пайда болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз сапалы арттыру процесін талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде одан арғы байыпты халықаралық ынтымақтастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды имплементтеу жөніндегі жұмыс, оның ішінде ұсынымдарды іске асыру арқылы жалғасатын болады.
Мемлекеттік Заңның, бекітілген Тұжырымдаманы іске асыру бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілгені белгілі. Сондықтан да алдағы уақытта іске асырылатын шаралар, бағыттар мен міндеттер айқын екені көрініп тұр. Баршамыздың, мемлекеттік қызметкерлер, басқырушы органдардағы лауазым иелері, жалпы қоғам болып, елімізде сыбайластық жемқорлықтың алдын алуға, оны болдырмауға атсалысқанымыз дұрыс!
Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі