Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты іс-шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, әскер қатарына жіберілетін азаматтарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып келулеріне тілегін білдіріп, естелік ретінде жазушы, еңбек ардагері Бағдат Қалаубайдың кітабын тарту етті.
Аталған шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сарбаздарға сәттілік тілеп, қорғаныс саласының дамуына үлес қосып отырған бірқатар үздіктерге департамент басшысының алғыс хатын табыс етті. Бәйдібек аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Нұржан Шүкірбеков жас сарбаздарға ақ жол тіледі.
Әскерге шақырылғандар атынан сөз алған Ғаламат Ғалымұлы Отан қорғау әрбір ер азаматтың міндеті екенін айтып, әскерде жақсы қызмет етіп, елді қорғау жолында құрдастарын әскерге баруға шақырды.
Іс-шарада М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары автоматты уақытпен шашып қайта құрау өнерін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдыстарылған «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындады.