Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кесте бойынша Борлысай ауылдық округі тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді.
Кездесу жиыны барысында аудан әкімі ауылдық округ аумағында келер жылы атқарылатын жұмыстармен, оның ішінде автомобиль жолдары, табиғи газбен қамтамасыз ету, Ақтас елді мекеніндегі мәдениет үйін салу мәселелерімен таныстырды.
Ауыл тұрғындары тарапынан елді мекендедегі электр жарығымен қамтамасыз ету, ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының тазалығы, жол жолақтарын сызу, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, ауыз су мәселелері көтерілді.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге жауап берді.
Жиынды ауылдық округ әкімі Ғ.Шәбдезім жүргізді.