Бүгін аудан орталығы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында 25 қазан- Республика күні аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысып, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы Республика күні ұлттық мерекесіне орай төтенше жағдай кезінде азаматтардың өмірін сақтап қалудағы жанқиярлық ерлігі үшін Шалдар ауылының тұрғындары Наврузи Иранпурды, Ғалымжан Нұрназаровты және Еркеғали Тұраровты және әлемдік деңгейдегі сайыстарда ел намысын қорғаудағы жемісті еңбегі үшін белбеу күресінен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Бекнұр Қуандықты алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті.
Сонымен қатар Республика күні ұлттық мерекесіне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Шарада өзінің мерекелік лебізін білдірген аудандық мәслихат хатшысы Кенехан Асқар Оразханұлы Республика күні ұлттық мерекесіне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар сала үздіктерін аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.
Ұлттық мереке – Республика күніне жиналған аудан тұрғындары аудандық мәдениет үй өнерпаздары мен О.Тайманов атындағы саз мектебі ұжымы мен ауданымыздағы білім беру мекемелеріндегі оқушылардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.