Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген жоспар кестесіне сәйкес Ағыбет ауылындағы мәдениет үйінде округ тұрғындармен кезекті кездесуін өткізіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудан басшысына жер, ауыз су, көше жарығы, футбол алаңшасын салу, көпір, интернет желісі және тағы басқа да ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды арнайы хаттама енгізіп, орындау жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар аудан әкімі округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды айтып өтіп, келесі жылы Ағыбет пен Алғабас елді мекенінде газдың құрылысы жүргізілетінін жеткізді.
Аудан әкімінің Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиынын аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан жүргізіп отырды.