Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шаян ауылындағы Түркістан облыстық №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде суда жүзуден жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Б.Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернатының директоры Шадияр Қондыбаев пен ардагер спортшы Ағабек Атемов және Түркістан облыстық №3 олимпиадалық резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нұржан Қаңлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жабық бассейнде суда жүзуден өткен жарысқа жасөспірімдер мен ересектерден барлығы 50-ден аса спортшы қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты спортшылар үш топқа бөлініп, әр топтың өзіне қойылған талабы мен жүзу қашықтығы бойынша сайысқа түсіп бақтарын сынады.
7-12, 17-25 және 25-35 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында суда жүзуден өткен жарыста үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығының атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.