Түркістан облысында 2022-2023 жылдарға бекітілген су тасқынының алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың қатысуымен алқалы жиын өтті. Онда облыс аумағындағы жалпы ұзындығы 915 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтарды механикалық тазарту жұмыстары жүргізілгендігін тілге тиек етті. Оған қоса, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар бойындағы 11 531 көпір мен дубляждарда тазалық жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар,276 метр қорғаныс дамбалары бой түзеп, 509 метр қорғаныс бөгеттерінің іргесі қаланды. Сақтық шараларына сақадай сай тұру үшін 153 мың қап пен 2827 тонна инертті материал, 311 техника және 445 тонна жанар-жағармай қоры әзірленді.
Қазіргі таңда облыс аумағында су басу қаупі бар аймақтар анықталып, арнайы штаб құрылды.. Басты мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алу.
Жиын барысында көршілес Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында орналасқан су қоймаларының электр қуатын өндіру режиміне көшірілуіне байланысты орын алған өзгерістердің оңтүстік өлкесіне әсері де кеңінен талқыланып, Сырдария өзенінің бойымен ағып жатқан су көлемінің артып келе жатқаны баяндалды.
Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы 92 %, яғни 4 миллиард 770 миллион м3 толды.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су 800 миллион м3-ге көп.
Айта кетейік, 2022 жылы өңірде төтенше жағдайлардың алдын алуға 461 млн 882 мың теңге бөлініп, тасқын суларды қауіпсіз өткізу үшін инженерлік-техникалық жұмыстар жүргізілген болатын. Ағымдағы жылдың ақпан айының басында табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарының тау бөктерінде және Арыс, Кентау қалаларында су тасқыны орын алды. Дер кезінде жүргізілген шаралардың нәтижесінде қайғылы оқиға орын алған жоқ. Жалпы саны 18 елді мекенде 15 көше, 5 жеке тұрғын үй және 1200 ауланы су басты. Бүгінде тасқын зардаптары жойылып, келтірілген шығын көлемі есептелуде.
Көршілес Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында орналасқан су қоймаларының электр қуатын өндіру режиміне көшірілуіне байланысты Сырдария өзенінің бойымен ағып жатқан су көлемі артып келеді. Бұл Шардара су қоймасында судың мерзімінен бұрын толуына әкелді.
Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы 92 %, яғни 4 миллиард 770 миллион м3 толды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су 800 миллион м3-ге көп. Сонымен қатар,«Көксарай» су реттегіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ға (1 млрд 591 млн м3) толтырылған, су көлемі 1,5 млрд м3 артық.