Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кесте бойынша Бәйдібек ата елді мекенінде Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді.
Кездесу жиыны барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы ауылдық округ аумағында келер жылы атқарылатын жұмыстармен, оның ішінде автомобиль жолдары, табиғи газбен қамтамасыз ету, биылғы жылы атқарылып жатқан спорт кешенінің құрылысы жөнінде таныстырып өтті.
Ауыл тұрғындары тарапынан елді мекендердегі электр бағаналарын ауыстыру, газ, фелшерлердің екпе жұмыстарын жүргізу және де басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге жауап берді.
Аудан әкімінің Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынға аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан қатысты.
Сонымен қатар аудан әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолданыстағы заң аясында сұрақтарына жауап беріп, кеңестер айтылды.