БАҚ өкілдері Сайрам ауданына жасаған пресс-тур барысында «TURKISTAN май» сауда маркасымен күнбағыс майын өндіретін кәсіпорынға барды. Жылына 1 200 тонна май өндіретін өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. Серіктестік өнімінің 70%-ын еліміздің қалаларына, қалған 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдеріне экспорттайды. Одан бөлек, тілшілер жылына 60 мың тонна құрама жем өндіруге қауқарлы «ЖК Абдукадиров» цехында болды. Қазір онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, сапар аясында журналистер Қасымбек Датқа ауылындағы «Қайып ата» ЖШС-ң ет өнімдерін өңдейтін цех жұмысымен танысты. Жылына 6 000 тоннаға дейін ет өңдейтін цех өнімін Ресей, Өзбекстан елдеріне экспорттайды. 2016 жылы іске қосылған нысанда 45 маман жұмыс істейді
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл - Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына...