Өздеріңізге белгілі ауа-райының қолайсыздығына байланысты жауын шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты арық атыздардан судың тасуына байланысты Сауран ауданында төтенше жағдай орын алған болатын.
Шаға елді-мекені бойынша 3 тұрғын үй ішін және 50 тұрғын үй ауласын су алып, 120 тұрғын үйдің адамдарын көшіру жұмыстары жүргізілген болатын. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен әкімшілік қызметкерлерінен 50-адам және жергілікті тұрғындардан 100-адам. Жалпы 20 техникамен бөгет үшін 1350-дана құм қап қолданылған.(3-погрузчик, 7-самосвал, 3-автобус, 3-эксковатор, Төтенше жағдайдан 4-дана техника).
Бүгінгі күні дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жағдай тұрақталып, көшірілген адамдар өз үйлеріне оралуда.
Ауыл тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғ.Үсенбаев зардап шеккен ауыл тұрғындарына қар мен жаңбырдың мөлшерден артық түсуінен, ауа райының күрт жылынуы салдарынан ауылдарды су басу қаупі расында жоғары болғандығын түсіндіріп, бірінші кезекте табиғат салдарынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары есептеліп, көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
ӘДІЛДІК – ҰЖДАН ІСІ
Қазақ елі қай кезде де мемлекеттік мұратын көздеген ел. Тарихи тағдырымызды парақтасақ, ұлт ретінде қалыптасу жолымыздың қилы болғанын, қашан да...