Арыс қаласындағы зақымданған 7613 үйдің 7166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үй қайта салынып жатыр. Қазіргі таңда 7000 үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 үй қайта салынып бітті. Қалған үйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Секторлар бойынша Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары жөндеу жұмыстарын аяқтаса, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары жөндеу әрі қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтап отыр. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінде өткен аппараттық жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...