Жеке қабылдауға Сарыағаш ауданының алдын-ала жазылған тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көпшілігі факторлы-балдық шкаланың жүзеге асуы бойынша, тәртіптік жазалар қолдану қағидалары ауданның бөлінуіне байланысты білім бөлімі әдіскерлерінің қысқарту мәселесі және мемлекеттік қызмет саласына мәселелерге қатысты болды. Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде үнемі дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp, Telegram +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.
СОЗАҚТА “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫНДА ЖАЛПЫ 27 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН
«Жасыл аймақ» апталығында Созақ ауданындағы барлық ауылдар мен елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Одан бөлек, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде....