Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар Жетісай ауданында өтті.
Шараға облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жетісай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйытқы болды. Сондай-ақ, Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Жетісай ауданының полиция бөлімі атсалысты. Өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты30 хаттама түзіліп, 1 қоғамдық көлік әкімшілік айып тұрағына қойылды. Аталған шаралар жолаушылар қауіпсіздігі мен заңсыз жолаушылар тасымалына бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі