Мәселен, біз қазір индустриалды аймақтағы кірпіш шығаратын кәсіпорында тұрмыз. Зауыт 2015 жылы іске қосылған. Аумағы 3 гектар жерді құрайды. Қазір мұнда 35 адам тұрақты жұмыс істейді. Олар биылғы жылдың 5 айында 9 млн теңгенің 50 мың дана кірпішін өндірген. Кәсіпорынның жобалық құны – 120 млн теңге. Жалпы қуаттылығы жылына 10 млн дана күйдірілген кірпіш шығаруға қауқарлы.
Болат Қыдыралиев, кəсіпорын басшысының орынбасары:
– Түркістандағы индустриалды аймақта құрылысқа қажетті өнім шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істейді. Соның бірі – темір бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорын. Жақында ғана іске қосылған зауытта бетонның бірнеше түрін шығарады. Атап айтқанда, тұрғын үйге қажетті бетон жабындылары мен есік-терезе белдемшелерін сұранысқа сай құйып береді. Қуантарлығы шикізаттың барлығы жергілікті жерде өндіріледі. Мәселен, цемент пен арматура Шымкенттен жеткізілсе, қиыршық таспен қалған өнім қала маңынан тасымалданады. Қазір кәсіпорында 40-тан астам адам жұмыс істейді. Олар тәулігіне 200 шаршы метр бетон жабындысын құяды.
Бұдан басқа индустриалды аймақта жиһаз шығаратын зауыт жұмыс істейді. Мұнда жиһаздың 200-ге жуық түрі шығарылады. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлерімен қатар, Ресейге экспортталады. Болашақта жиһаз өнімдерін әлемдік нарыққа шығару жоспарланып отыр. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорында 100-ден аса адам еңбек етеді. Айта кетейік, қазір индустриалды аймақта 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Түркістан болашақта өндірісі өркендеген өңірге айналмақ. Сол үшін қаладағы 40 гектар жерге орналасқан индустриалды аймақ аумағын 7 есе ұлғайту көзделіп отыр.