Түркістан облысы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ –нің психологтары аудан бойынша орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында оқу орындарына барып, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық, әлімжеттік ұрлық, ерте жүктілік бүгінгі күнің өзекті мәселесі болып отырғандығы туралы, осы жағдайдың алдын алу мақсатында білім алушылармен сұрақ- жауап алмасты, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ.
Аталмыш шара бойынша білім алушылар тақырыпқа байланысты ойларын ашық айтып пікірлерімен бөлісті.
Күн тәртібінде:
- «Қызды қырық үйден тыю».
- «Жасөспірім қыздар асасында ерте жүктіліктің алдын алу» .
- «Жасөспірімдердің психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан- жақты зерттеп , жан дүниесін дамыту».
- «Аутодиструктивті оқиғаларды алдын алу»
- Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық, әлімжеттіктің алдын алу.
Жасөспірімдердің психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан- жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту мақсатында оқушылармен жеке жұмыс жасайтындығы туралы, әрбір бала өз құқығын білуге міндетті, күйзеліске түспеу, өз-өздеріне сенімділік жоғалған жағдайда, кімдердің көмегіне жүгіну керектігі туралы кеңінен түсіндіріп шықты. Психологиялық тренинг жүргізіп, сауалнамалар алынды.
Күн тәртібіндегі барлық тақырып бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.