Жетісай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мақсат Жолдасбековтің өкімімен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімін басқару ісі Сейдалиев Еркебұлан Құттыбайұлына жүктелді.
Еркебұлан Құттыбайұлы 1985-жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туылған. 2008-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдап, 2009-жылы «Мақтаралземкадастр» ЖШС-да заңгер, 2009-жылы Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маман-заңгері міндетін атқарушы, 2009-жылы Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маман-заңгері болып еңбек еткен. 2012-2013-жылдары Мақтарал ауданы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінде бас маман, 2013-2015-жылдары Мақтарал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі бөлімінде бас инспектор, 2015-жылы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің ОҚО бойынша департаментінің«Тәртіптік әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінің консультанты, кейін бас маманы, 2016-жылдан күні бүгінге дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің ОҚО бойынша департаментінің«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының» бас маманы болып еңбек еткен.