Конституцияның негізгі құндылығы – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап, қоғамдағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз етуінде. Заң үстемдік құрған мемлекетте әр адамның мүмкіндігіне жол ашылып, өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасалады.
Түркістан облысында да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту бағытындағы жұмыстар маңызды орын алады. Өйткені құқықтық мәдениеті жоғары қоғам ғана тұрақты дамудың берік негізін қалыптастыра алады.
Конституцияны құрметтеу – тек заң талаптарын сақтау емес, өз құқығыңды білу және өзгенің құқығына құрметпен қарау.























