«Amanat» партиясынан ҚР Парламенті мәжілісіне кандидат Қайрат Балабиев Отырар ауданы Балтакөл ауылындағы көпбалалы аналармен кездесті. Ең алдымен сайлауалды бағдарламасын насихаттап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесуде көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының төмендігі туралы, әйел, ана мен бала денсаулығын сақтауға, әлеуметтік қорғалуына, зейнеткерлікке шығу жас шегін төмендетуге байланысты өзекті мәселелер туралы сөз болды.
Көпбалалы аналардың ұсыныс-тілектерін назарға алып, кандидат Мәжіліске сайланған жағдайда осы мәселелерді шешу үшін бар күш-қуатын салатынын айтты.