Түркістан облысы Төлеби ауданында биыл 65 мыңнан астам гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі. Атап айтқанда, диқандар 21,5 мың гектарға – дәнді дақылдар, 11,6 мың гектарға – майлы дақылдар, 24,9 мың гектарға – ескі жоңышқа, 4,6 мың гектарға – жаңа жоңышқа егуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 1825 гектарға – көкөніс, 1352 гектарға – картоп және 80 гектарға -сүрлем жүгері егілмек.
Ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы жанданып келеді. Биыл осы бағыттағы жобалар санын 170 бірлікке жеткізу көзделген. Сондай-ақ, ауданда 1 гектар аймаққа жылыжай салынып, 80 гектар қарқынды бау егілетін болады. Сонымен қатар, 250 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізу және суармалы жердің көлемін 200 гектарға ұлғайту межеленіп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі