Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халық Ассамблеясы жанындағы құрлымдардың мүшелері Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында наурыз көже таратты.
Құрылысшылар Түркістанды түлетуге өзіндік үлесін қосып жатыр. Ел назары ауып отырған қаламызға қолтаңбаларын қалдырып, рухани астананың болашағына серпін беруде.
«Құрылысшылардың еңбегі ерен. Оларға қала тұрғыны ретінде алғыс білдіреміз. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, еңбек етіп жүрген азаматтарға Түркістанның қонақжайлылығын көрсеткіміз келді»,- деді облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова.
Облыс орталығында жұмыс жасап жатқан құрылысшылар наурыз көжеден дәм татып, алғыстарын білдірді. Мерекелік көңіл-күйге бөленген құрылысшылар қазақ елін Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...