Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны Ақмарал Басқынбаева «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік курсын тәмамдаған. Оқу барысында бизнес саласының қыр-сырларын меңгерген ол қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Курсты сәтті аяқтаған Ақмарал сұлулық салонын ашты. Қазір онда 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер әйелдің салонына келушілердің қарасы көп.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Баршаңызды сенбі, 19 сәуір күні өтетін ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ қатысуға шақырамыз. Түркістан - тарихи, киелі, рухани шаһар. Өз қаламызды таза ұстайық!