Мерекелік іс-шарада өздерін үздік көрсете білген Мақтаарал ауданы әкімдігі І орынды жеңіп алып, чемпион атанды. Кіші футболдан ешкімге есе жібермеген команда ойын алаңында өздерін мойындатты.
Аталған шарадағы жеңісі үшін бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков команда мүшелерін қабылдап, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ чемпион болған команда мүшелерін арнайы марапаттады. Сонымен қатар, ізгі тілегін арнап, қошеметін көрсетті.
«Қызмет пен спортты қатар алып жүру – бақытты болашақтарыңыздың кепілі. Аудан әкімдігінің атын асқақтатып, беделін көтергендеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өмірлеріңізге бақ-береке тілеймін!» – деді Б.Төребеков.